» » » ҚАЖЕТСІЗ 40 ҚАСИЕТ

ҚАЖЕТСІЗ 40 ҚАСИЕТ

1. Күпiр.

2. Надандық.
3. Айыпталудан қорқып ақиқатты жасыру.
4. Мақтағанды жақсы көру.
5. Ақидасы бұрыс болу. (Қате иман)
6. Хава-и нафс, яғни нәпсiнiң қалауларына еріп жүру.
7. Басқаларға еліктеген иман. (Танымайтындарға еліктеу)
8. Рия, ақырет iстерiн мақтаныш және абыройы үшiн iстеу.
9. Тул-и амал. (Өмiрдiң қызығын көру үшiн ұзақ өмiр сүруді армандау)
10. Тама’. (Дүние ляззаттарын харам жолдардан iздеу)
11. Кибірлік. (Өзiн жоғары санау, тәкәппарлық)
12. Тезеллүл. (аса қарапайымдылық)
13. Ужб. (Iстеген жақсылық пен ғибадаттарына менменсу)
14. Хасед. (Қызғаныш, көре алмаушылық, нығметтердің басқалардан кетуін қалау. Абуллейс Самарқанди: «Үш кiсiнiң дұғасы қабыл болмайды, олар - харам жеген, ғайбат айтқан, хасед еткендер.»)
15. Хықд. (Басқаларды төмен санау)
16. Шаматат. (Кісінің басына келген қиыншылықа, пәлекетке қуанып, шаттану)
17. Хиджр. (Достық қарым-қатынасты үзу)
18. Жүбн. (Қорқақтық)
19. Тахаввүр. (Ашулы мiнездiң көп және зиянды болуы.)
20. Ғадр. (Берген сөзiнде тұрмау.)
21. Қиянат. (Мүнафықтықтың белгісі; сенімділікті бұзатын сөз не іс.)
22. Уәдесін бұзу. (Хадис шәрифте:«Мүнафықтықтың белгісі үшеу: өтірік айту, берген сөзін бұзу, аманатқа қиянат жасау»делінен.)
23. Су’и зан. (Су’и зан /жаман ойда болу/ ету харам. Күнәларының кешірілмейтіндігін ойлау Алла Тағалаға суи’ зан ету болады. Мұсылмандарды пасық деп ойлау да суи’ зан болады.)
24. Дүние мүлкіне деген махаббат.
25. Тасвиф. (қайырлы iстердi iстеудi кешiктiру, кейінге қалдыру.) Бiр хадисте:«Бес нәрсе келмей тұрып бес нәрсенiң қадiрiн бiлiңдер: өлместен бұрын өмiрдiң қадiрiн, ауырмай тұрып денсаулықтың қадiрiн, дүниеде ақiретті жақсартудың қадiрiн, қартаймай тұрып жастықтың қадiрiн, кедейліктен бұрын байлықтың қадiрiн» - деп айтылған.
26. Пасықтарды, яғни харам істейтін адамдарды жақсы көру. (Пасықтықтың ең жаманы зұлым ету.)
27. Ғалымдарға дұшпан болу. (Ислам ілімдері және ғалымдарымен әзілдеу күпір болады.)
28. Фитна шығару. (Адамдарды қиын жағдайға түсіретін бүлік шығару.) Хадис шәрифте: «Фитна ұйқыда, оны оятқан кiсiге лағнет (қарғыс) болсын» - делiнген.
29. Мүдахане және мүдаара. (Күшi жете тұра харам істегенге кедергі болмау және дүниесі үшiн дінін беруге мүдахане делінеді. Діні үшін дүниесін беру мүдаара болады.)
30. Инад және мүқабара. (Ақиқатты, дұрыс нәрсенi естiп, қабыл етпеу, қырсығу.)
31. Нифақ. (Екi жүздiлік.)
32. Тәфаккур етпеу. (Күнәларын, жаратылғандарды және өзін ойламау.)
33. Мұсылманға баддуға ету (қарғау).
34. Мұсылманға жаман лақаб ат тағу.
35. Кешірім сұрағанды кешірмеу. Кешірімді болмау.
36. Құран Кәрiмдi қате тәфсир ету.
37. Харам нәрсе iстеуден қайтпау.
38. Ғайбат айту
39. Тәубе етпеу.
40. Абырой-атаққұмарлық.
Жаман мінездерден алыс болып, жақсы мінезді болуға ұмтылу керек. Хазреті Пайғамбарымыздың алейһиссалам хадистерінде: «Ғибадаттары аз болған кісі, жақсы мiнезiмен қиямет күнi биiк дәрежелерге жетедi.»
«Ғибадаттардың ең оңайы және ең пайдалысы, аз сөйлеу және жақсы мiнездi болу».
«Сенен ұзақ жүргендерге жақын болу, зұлымдық еткендерді кешіру, өздерін махрұм еткендерге жақсылық жасау – жақсы мінезді болудың белгілері».
06 шілде 2018 ж. 805 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930