» » » Қасиетті бесіктің қадіріне жетіп жүрміз бе?

Қасиетті бесіктің қадіріне жетіп жүрміз бе?

https://egemen.kz/article_photo/1537153832_article_b_1500_.jpegҒасырлар бойы ұлтымыз тал бесікті қасиетті мүлік санап келді. Ол қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі болды. Ұлтымыздың өсіп-өнуінің басты кілті де тал бесік.
Иә, кең дүниенің есігі бол­­ғандықтан да бесікті қасиетті тұт­пайтын қазақ жоқтың қасы. Рас, кеңес өкіметі кезін­де оны «ра­хит ауруына шал­дық­тырады» деген шолақ пікір қалыптас­тыр­ғандар да кезікті. Тіпті, ке­ңес­шіл дәрігер­лер бесіктің «зиян­ды­лығын» дәлел­деп те бақ­ты. Бесіктің ор­нына қолар­ба мен манежді ұсын­ды. Сөй­тіп көптеген елік­те­гіш келін­шек­терді бесік­тен без­дірді. Қанша жерден «ескі­лік­тің қалдығы» деп шошын­дыр­ғанымен, ата-бабаларымыз қадіріне жетіп кеткен бесіктен бізді бездіре алмады. Киелі бесік жайлы ғалым­дар не дейді? 1916 жылы пси­хоневроло­гия инсти­туты­ның негізін қа­лау­шы академик Вла­димир Бех­терев: «Бала­лар­дағы невроз ауруының алдын алу үшін бесік жырын тыңдату керек» депті. Бір нәрсенің иісі мұрынына бар­маса ол бұлай демес еді ғой. Ал, психолог Виталий Леу­тин­нің айтуынша, бесік жы­рын тың­дау сәбидің ми қырты­сын­дағы нейрондардың дұрыс дамуына себеп болады екен. Аме­рикалық психолог, медицина ғылымдарының докторы, транс­репсоналды психология ғылым­ының негізін салушы Станислав Гроф бесік жыры баланың психотерапевтік аурудан жазылуына бірден-бір себеп болатынын жазып қалдырған. 2001 жылы Ресейдің Тю­мень қаласының ғалымдары ұзақ мерзімді тәжірибе жүр­гізеді. Екі топқа бөлінген олар­дың ал­ғаш­қысы балаға бе­сік жырын тыңд­атады. Ал екін­ші топ сәбиге түрлі әуендер жол­дайды. Алты айдан соң бөбек­тер­дің ми қыртыстары тексеріледі. Сонда бесік жырын тыңдамаған баланың миындағы нейрон жасушалары баяу дамып, ойлау қабілеті бәсеңдегені байқалады. Ғалымдардың бұл тәжіри­бесіне алғашқыда күмәнмен қараған­дар көп болыпты. Ға­лым­дар мәселенің анық-қаны­ғына жету үшін зерттеулерін жал­ғастырады. Уақыт өткен са­йын әлди әнін тыңдамай өскен сә­би­лердің мінез-құлқында пси­холо­гиялық ауытқулар күшейе береді. Олар тез ашу­ланып, тез шаршайды. Ойлау қабілеті тө­мендеп, жал­қау­лыққа бейім тұра­ды. Мек­тепте сабақ оқуға ын­та қой­майд­ы. Ауру-сырқауға тез шал­дығатыны байқалады. Демек, бесік жүйке жүйе­ле­рі­­нің қалыпты жұмыс істеуін қам­­тамасыз етеді, сәби бо­йын­дағы мейірімділік, қайырым­ды­лық, ата-анаға деген махаббат сияқ­­­ты ізгі сезімдерді дамы­та­ды, дү­ниетанымдық іздені­сін, ғы­лым-білімге ынтасын арт­ты­ра­ды, бала мағыналы һәм мәнер­леп сөйлеуге үйренеді, тұ­йық­талмай, өз пікірін анық біл­ді­ретін батыл жанға айналады. Міне, бүгінгі медицина осы­лай дейді. Жоғары санатты дәрігер Ә.Ай­мағамбеттегі нәрестенің терісі өте нәзік келетінін, түр­лі хи­­ми­ялық, биологиялық фак­тор­лар­дан қабынып, бөр­тіп кететінін жазады. Ал бүгін­гі еріншек, жанын аяғыш келін­­шек­тер баласын бесікке бөле­мей, памперс кигізеді. Пам­перс қазақ халқының демо­графиялық өсуіне кері әсер етеді деп дабыл қағады ол. Бала памперске кіші дәретті жіберген кезде дене температурасы бірден жоғарылай­ды. Аздан кейін памперске сің­ген зәр қайтадан суиды. Сөй­тіп қысқа аралықта бір күй­­ден екінші күйге ауысқан тем­пе­ра­тура аталық бездің дамуын тежейді екен. Яғни, таби­ғи бел қуатына кері әсер етеді. Қазақтың хас батыры, бел­гілі жазушы, даңқты қолбас­шы Бауыржан Момышұлы: «Жау­дан да, даудан да қо­рық­­паған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп тұр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екіншісі, немересіне ер­тегі айтып бермейтін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәм­ді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қо­лы­­на қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қо­лы­­на кітап алмайды. Үйреніп жат­қан бала жоқ, үйретіп жат­қан әже жоқ» деп келер күн­дер­ге алаң­дау­шылығын жазып кетті. Қазақстан Республика­сының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­л­а­малық мақаласында: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қара­мауға тиіс. Керісінше, зама­на сынынан сүрінбей өт­кен озық дәстүрлерді табысты жаң­ғыр­тудың маңызды алғы­шарт­тарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деп атап көрсетті. Елбасының аталмыш мақа­ла­дағы ұлттық кодты сақ­тай білу дегенде айтпағының өзі ру­хани тамырдан ажырап қал­мауды меңзейді. Ұлт Көш­бас­шысының ұлттық код деп түп негізге оралуды айтты. Де­мек, ұлттық кодтың кілті – бесік. Өйткені адам бесі­гіңде қалай тәрбиеленсе, солай қалыптасады. Елдің ұлт­тық-рухани тамырынан нәр алған, бесікте жатып, әже әл­диін тыңдаған, бойына игі қа­сиет­терді молынан сіңір­ген жас еш­­қашан адаспайды. Жаңа бас­тамалар, серпінді істер солардан шығады. Бойында мейі­рімді­лік, адамгершілік, иман­­дылық, қа­йы­рым­дылық, Отанға, ата-ана­ға, туған жерге деген асқақ м­а­­хаб­­баты бар жастар қалып­тасады. Осындай жалынды жастар Елбасы көрсеткен Мәңгілік Елдің ұстындары болады. Алым­ды да шалымды, ақылды да адамгершілігі мол, инабатты, мейірімді,білімді жастары бар ел мәңгі жасайды. Жас шы­бықты ию оңай. Оны қалаған қал­пыңа келтіре аласыз. Ал бұтағы қатайып кеткен ағашты иемін деп сындырып алуыңыз бек мүмкін. Бұғанасы қатып, болары болып, бояуы сіңіп қалған адамды иліктіру қиынға соғады. Халық «Тәрбие – тал бесік­тен» деп бекер айтпаған. Және сол халық «төрде бесік тұрса төре де басын иеді» деді. Заңғар жазу­шы Мұхтар Әуезов «Ел бо­ла­мын десең, бесігіңді түзе» деп өткен ғасырдың өзінде-ақ дабыл қақты. Әлемді қаһарымен тітір­кенткен Шыңғыс хан: «Ке­лін­нің өз күйеуінен басқа тағы үш күйеуі болады. Олар – ал­тын елі, ұлтының салт-дәс­түрі және өзінің ар-ұяты» депті. Бесік­ті, міне, осы үш құн­ды­лық­­ты қатаң сақтаған келін тер­бет­се, бөбегіне күн сайын әл­ди әнін айтып отырса, Қазақ көші түзелмейді емес пе? Елбасымыз шілде айы­ның алғашқы жексенбісін Дом­бы­­ра күні деп атап өту туралы Жар­лыққа қол қойды. Ендігі бір төл мерекеміз – БЕСІК КҮНІ болуы тиіс. Ұлт­тық код­тың бесік­тен бас­тау ала­ты­нын жоғары­да тілі­міз­дің жеткенінше бедер­ле­дік. Ендеше, жылдың бір жай­м­а­шуақ күні бүкіл Қазақ елі Бесік күнін атап өтуі тиіс деп ой­лай­мын. Мұны жаңару мен жаң­ғы­ру­дың бастауы Әз Нау­рыз ме­рек­есімен қосарламай өз алдына басыбайлы, барқадар­лы мереке ретінде атап өтуіміз керек. Бесіктің құн­ды­лығы жөнінде мектеп оқулығына ар­наулы тарау, сабақ енгізсе де жарасып кетейін деп тұр. Қысқасы, ұлт ұясы ретінде қас­терленетін Бесікті қашанда ая­лап өтейік, ағайын. «Ұя бұзған оңбайды» дегенді де жүрек түк­піріне құндақтап жүрелік.
Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
"Егемен қазақстан"
.

18 қыркүйек 2018 ж. 1 428 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 785

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031