» » » ЖАҢҒЫРУҒА НЕГІЗ БОЛАР ЖӘДІГЕРЛЕР МЕКЕНІ

ЖАҢҒЫРУҒА НЕГІЗ БОЛАР ЖӘДІГЕРЛЕР МЕКЕНІ

Тарихқа көз жүгіртсек, аудандық тарихи-өлкетану музейінің жылнамасы өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан басталады. 1980 жылдардың орта шеңінде ауданда алғаш рет музей ашу жұмыстары қолға алынып, сол жылдары біршама жұмыстар атқарылғанымен, кейінгі уақытта түрлі себептермен аяқсыз қалады. З.Салықбаев, М.Ілиясов, М.Аяпов, Ж.Сарбалаев, А.Тілеулиев сынды ауданның бірқатар зия­лы қауым өкілдері бір музейдің ауданға қажеттігі жөнінде жергілікті «Жаңадария» газетінің беттерінде қайта-қайта мәселе көтеріп, ақыры сол кісілердің мұрындық болуымен 1988 жылдың 30 шілдесінде халық депутаттары аудандық Кеңесі атқару комитетінің №373 санды Қаулысы шығады. Онда аудандық мәдениет үйі жанынан музей ашу жөнінде айтылған еді. Оған жауапты бір адам бекітіліп, сол жылы ауданның елді мекендерінен музейлік маңызы бар көптеген құнды жәдігерлер жинақталады.
Соғыс және еңбек ардагері Орынбай Сарманов пен аудандық «Жаңадария» га­зетінің әдеби қызметкері Ахмет Тілеулиев сол жылдары ауданның елді мекен­дері, Қарақұм мен Қызылқұм бағыт­та­рына экспедицияларға шығып, түрлі жәді­герлерді жинақтап, оларды аудандық мә­дениет үйінің арнайы бөлінген бір бөл­месіне сақтағанымен, музей үшін арнайы жеке ғимарат бөлу, музейдің тақы­рыптық-экспозициялық жос­парын жасау, сол жоспар бойынша экспозиция жасақтау жұмыстары түрлі себептермен кейінгі жылдарға ысырылып, ақыры аяқталмай қа­лады. Сол жиналған біршама құнды зат­тар, құжаттар мен суреттердің бір­сы­пы­ра­сы қиын-қыстау 90-шы жылдары үшті-күйлі жоғалып кетеді.
1998 жылдың аяғында, яғни Жа­лағаш ауданының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық музейді ұйым­дас­тыру жұмыстары қайта жанданып, сол кездегі аудан әкімі Қ.Баймахановтың Қау­лысымен Жалағаш кентіндегі бұрынғы Абай атындағы кинотеатрдың ғимараты жаңадан ашылатын музейдің балансына беріледі.
Ғимаратты қазіргі заман талаптарына сай бейімдеп, музей етіп қайта жасақтап шығу үшін аудан әкімі Алматы қаласының «Заман–Ту» дизайнерлік фирмасымен келісім шартқа отырады. Аталған фирманың директоры, жерлесіміз Нағашыбек Әлішарипов осы жұмыстарды атқарып шықты.
Жергілікті өлкетанушы Ахмет Тілеулиев біздің ауданға көмекке жіберілген облыс­тық музейдің ғылыми қызметкерлері Н.Жақауова және Т.Тоғызбаевамен бір­ге арнайы бөлінген көлікпен қайтадан елді мекендерді аралап, экспонат жинақ­тауға кіріседі. Сол жинақталған экс­понаттардың не­гізінде Ахмет Тілеулиев музейдің тақы­рып­тық-экспозициялық жоспарын жазып шығады.
Аталған жоспар бойынша жасақталған аудандық музейдің жаңа экспозициясы тұңғыш рет 1999 жылдың 4 қараша күні ашылып, аудан әкімінің 1999 жылғы 10 қарашадағы №144 санды шешімімен аудандық тарихи-өлкетану музейі аудан халқына қызмет ете бастады. Музейдің алғашқы директоры болып Ахмет­ Тілеулиев тағайындалады. Ол кісі музейдің үлкен мәдени ошақ болып қа­лып­­тасуына зор үлес қосты.
2001 жылдың қыркүйек айында музей ди­ректоры болып Мирамкүл Биманова­ та­ғай­ындалды. Сол жылдары аудандық музейде ауыл шаруашылығының көрнекті ұй­ым­­­­дастырушылары М.Шәменов пен А.Бисеновтің, фольклоршы-ғалым М.Бай­діл­­­даевтың өмірі мен еңбек жолы жай­­лы сыр шертетін экспозициялар ашылып, 2006 жылдың қыркүйек айында Қар­мақшы ауданында өткізілген «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фестиваліне музей қызметкерлері үлкен ұйымшылдықпен қатысты.
2012 жылы Бұқарбай батыр баба­мыздың 200 жылдық мерейтойы қар­са­ңында сол кездегі Қазақстан Респуб­ли­­­­­­­ка­­­­сы Парламенті Сенатының депутаты Қ.Бай­­­­махановтың тікелей атсалысуымен Бұқарбай батыр ауылында жаңадан Бұ­қар­­­­­бай батыр атындағы музейдің ғима­ра­­ты бой көтерді.
Бұқарбай батыр атындағы музей сол кездегі Калинин атындағы совхоздың директоры Қ.Баймахановтың 1994 жылдың 22 наурыздағы №22 бұйрығымен қоғамдық негіздегі музей болып ашылған болатын. Аталған музейдің ашылуына Бұқарбай батырдың шөбересі Жоламан Алданазаров ақсақал да зор еңбек сіңірді. Ол кісі облыс орталығы мен ауылдарды жаяу-жалпы аралап жүріп, Бұқарбай бабасы жайлы сыр шертетін материалдар мен жәдігерлерді жинақтап, музей қорын құнды экспонаттармен толықтыруға үлес қосты.
Қазіргі таңда 19 жылдық тарихы бар аудандық музей бағзы замандарда аудан көлемінде өмір сүрген ата-бабаларымыздың тарихы туралы сыр шертетін асыл мұралар мекені. Осы жылдар аралығында аудандық музейде көптеген азаматтар қажырлы еңбек етіп, өсіп шықты.
Мысалы, Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы Г.Бекжанова, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ғ.Әбілда, аудандық әуез мектебінің оқытушылары Ә.Қалжекенова мен А.Әбдиев, ұлағатты ұстаздар Г.Пірманова мен М.Есаханова, ардагерлер Ж.Алданазаров, М.Биманова, Р.Қойшығұлова мен Б.Серікбаева сынды кісілердің есімдерін мақтанышпен атап айтуға болады. Қазіргі таңда аудандық музейде барлығы 15 қызметкер жұмыс жасайды. Соңғы 4–5 жылдары музей ұжымы А.Піржанова, Т.Қозыбағаров, М.Әбілдаева сынды жалынды жастармен толықты.
2018 жылдың мамыр айында 2001 жылдан музей директоры қызметін абыроймен атқарған М.Биманованың зейнеткерлікке шығуына байланысты музей директоры болып бұрындары түрлі салаларда басшылық қызмет атқарған ауданға танымал азамат Қ.Құлмахан тағайындалды. Ол кісі келе сала музей ғимаратын жөндеуге және музейдің материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш салды. Нәтижесінде, аудандық әкімшілік тарапынан бөлінген қаржы есебінен музей ғимаратының іші-сыртына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда музейде аудан көле­мінің 70–67 млн. жылдан бергі (археозой эрасынан мезозой дәуірінің бор кезеңінен) геологиялық тарихынан бас­тап, ауданымыздың қазіргі заманғы тарихы, мәдениеті мен өнерінен сыр шертетін 2 зал мен көркемсурет галереясы жұмыс істейді.Музей қорында 6 мыңнан астам экспонат сақталуда.
Алдағы уақытта аудандық музей ұжы­мы ауданның сан ғасырлық тари­хын зерттеп, зерделеу, аудан көле­міндегі тарихи-мәдени мұраларды жинақ­тап, музей қорын құнды экспонаттар­мен толықтыру және жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу бағытында өз жұмыстарын ұйымдастыруда табыстар биігінен көріне беретіні сөзсіз.

Қанат ЖАПАҚОВ,
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің қызметкері.
02 қазан 2018 ж. 1 118 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930