» » » Дамимын десең «Дамуға» бар...

Дамимын десең «Дамуға» бар...

Осы аптада «Даму» қорының Қызылорда филиалы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бейресми кездесу өткізді. Елімізде 1997 жылдан бері жұмыс жасайтын қордың облыс бойынша аймақтық филиал директоры Алмас Тас­танов облыстағы шағын және орта бизнесті дамытуға қа­тысты өзекті мәселелерге тоқ­талып, кәсіпкерліктің нә­ти­же­лері мен жоспарлары және жаңа бағдарламалар туралы әңгімеледі.
Былтыр екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржылық ұйымдар бойынша қаржылық қолдау алған жеке кәсіпкерлер өз өтініштерін  беріп, олардың ішінде 387 жоба  қолдау тапқан. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда (168 жоба) 130%-ке өсіпті. 2019 жылдың 1 тоқсанында бұл нәтиже бойынша  75 жоба ұсынылған.
– Былтыр кәсіпкерлерге қыз­мет көр­сету орталығының қызметкерлері 677 кәсіп ашу­ға ұмтылған азаматтарға ке­ңес берсе, биылғы жылдың 1 тоқсанында 566 кәсіпкерге кө­мек көрсетілді. Қосымша жыл сайынғы жоспар бойынша біз кәсіпкерлердің жеке құзыретін арттыру үшін Астана қаласындағы Nazarbayev Uni­ver­sity жанында шағын және орта бизнесті дамыту жайында арнайы курс­тық оқыту жүр­гі­земіз. Енді осы шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау бағ­­дарламаларының нәтижесіне ке­лер болсақ, 20 жылдан ас­там уақыт ішінде «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы-2020», «Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағ­дарламасы», «Нәтижелі жұ­мыс­пен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағ­дарламасы», «Ең­бек» бағ­дар­ламасы және «Нұрлы жер» тұр­ғын үй құрылысы бағ­дар­ламасы ар­қылы кәсіп­кер­лікті мемлекеттік қолдау арқасында нарыққа белсенді түр­де бейім­деп келеді. Былтыр осы бағ­дар­ла­ма­лар негізінде барлығы 10 043,1 млн теңге сомасында 154 жоба қаралып, мақұлданған, – дейді Алмас Тас­танов.
Қор директорының айтуынша, қол қойылған субсидиялау шарттары бойынша сомалардың былтырғы өсімі 2017 жылмен салыстырғанда 22,8% (8,1 млрд теңге)   болса, биыл жалпы сомасы 10 млрд теңгеге 150 жобаға қол қою жоспарланған.
Бизнес ашуға жеке кәсіп­кердің кепіл мүлкі болмаған жағдайда несиелерді кепіл­дендіру құралы бойынша  2018 жылы барлығы 3 671,08 млн теңге сомасына 87 жоба қарал­ған. Соның негізінде жалпы сомасы 3,2 млрд  теңгеге 76 жоба қаржыландырылып, кепілдік сомасы 1,2 млрд теңгені құрады. Қор қызметкерлерінің айт­уынша, қордың субсидиялауға өті­нім­дерді қараудың орташа мерзімі 4 жұмыс күнін құрайды. Ал кепілдік беру өтінімдерін қараудың орташа мерзімі жобаның әр түрлілігіне байланысты 5-10 жұмыс күнінде жауап ала аласыз.
Бүгінгі таңда біздің аймақ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдар­ла­масын жүзеге асыру бойынша көш­бас­шылардың бірі. Бағдар­лама іске асқаннан бастап, бүгінге дейін несиенің жалпы сомасы 1,4 млрд теңгені құ­райтын 9 жоба бойынша субсидиялау шартына қол қойылған. Мысалы, былтыр 997,8 млн теңге сомасына 9 жоба қаралса, биыл 865 млн теңге сомасына 7 жоба бойынша субсидиялау шартына қол қойылған. Бұл субсидияланатын жобалар бойынша салынып жатқан нысандардың жалпы ауданы 40 955 шаршы метрді алып жатыр.
Келесі кезекте, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп­кер­лікті дамы­тудың 2017-2020 жылдарға арналған бағ­­дар­ламасын» іске асыру нәти­желеріне көз жүгіртсек. Бағ­дарлама аясында об­лыс­тағы қаржы қоры 572,4 млн теңгені құрайды. Жыл басынан бері аталған бағдарлама жалпы сомасы 515,17 млн теңгеге 57 жобаны қаржыландырған. Ал «Еңбек» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 134,6 млн теңгеге 12 кепілдік беріліп, оның сомасы 77,3 млн теңгені құрапты.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағ­дарламасы бойынша гранттық қар­жы­ландыру жұмыстары да қарқынды. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі облыс бойынша кәсіпкерлік және туризм басқармасы мемлекеттік гранттар қаражатын беру бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда. Негізгі қаржы агенттігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ болып табылатын аталған бағдарлама, біріншіден, грант алушыларға мониторинг жүргізеді. Оған себеп, арнайы қаржылық қолдау ретінде берілген қаржы көздері өз мақсатына тиімді жұмсалмай жеке пайдасына жарату жағдайлары көптеп кездескен. Бір ғана мысал, 119 грант алушы (75%) шарт талаптарын бұзып, өзінің бизнес-жобасын қорғай алмаса, 40 грант иегері (25%) өз бизнес-жобаларына грант ұтып, мақсатын іске асырған.
Сондай-ақ филиал директоры Алмас Тастанов қордың «Documentolog» ЭҚЖ Қазақстан Республикасы мем­лекеттік органдарының бірыңғай элек­трондық құжат айналымы жүйесіне сәтті қосылғанын хабарлады. Сонымен қатар, қор жаңа цифрлық арна «Даму» мобильдік қосымшасын іске қосқан. Бұл мобильді қосымша кәсіпкерлерге қордың іске асырылып жатқан барлық бағдарламалары мен жаңалықтары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қосымшаның жеке кабинеті субсидия шартын жасасқан кәсіпкерлерге келіп түскен субсидия төлемдері бойынша ақпаратты қарауға да көмегі мол.
Іс-шараға спикерлер ретінде Қызыл­орда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының, «Атамекен» өңір­лік палатасы және  «Кәсіпкерлерге қыз­мет көр­сету орталығы» КММ өкілдері қа­тысты. Әрбір ұйымның қызмет салаларын, қызмет түрлерін, кәсіпкерлерді қолдау түрлерін ажыратудағы мәселелер егжей-тегжейлі айтылды.
«Атамекен» өңірлік палатасы биз­нестік жобаларды оқыту мен қорғау бойынша жұмыс жүйелерін түсіндіріп, палата тек «қаржылай емес қолдаумен» айналысатынын айтса, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ бас­шысының орынбасары Айжан Түй­менова өз қызметтерінің басты шарттарына айрықша тоқталды.
– Бізде 70-ке жуық қызмет түрлері бар. Олардың ішінде техникалық шарттар алу бойынша, сәулет және құрылыс саласы, жер мәселесі, көші-қон қызметі, мемлекеттік кірістерді анықтауға көмек көрсетіп, сондай-ақ, мемлекеттік, үкі­меттік және аймақтық бағдарламалар бойынша да кеңес береміз. Орталық құрылған сәттен бастап, кәсіпкерлер барлық қажетті қызметті бір жерден алуға мүмкіндігі бар, – дейді Айжан Сейдуллақызы.
Айта кету керек, 2017 жылдан бері жұмыс жасайтын орталық  «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Мұнда кәсіпкерге қажетті барлық қызмет тегін көрсетіліп, кәсіпкер мен өкілетті органның арасындағы тікелей байланысты болдырмайды. Яғни, түрлі әкімшілік мекемелердің есігін қақпай-ақ, сыбайластықтың алдын алу мен кәсіпкерлікті көркейту мақсатында құ­рылған бұл орталықтың халыққа берері көп. Республика бойынша басқа баламасы жоқ орталықтың қызмет көрсету динамикасында оң нәтиже бар. 2017 жылы 250-ге жуық қызмет түрі көрсетілсе, былтыр 6000-нан астам тұрғынға орталық өз кеңесін ұсынған.

Ержан ҚОЖАСОВ.
21 сәуір 2019 ж. 453 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930