АҒАЙЫНДЫЛАР ТАҒДЫРЫ
Соғыс майданында әрбір жауынгер қасиетті жері үшін шайқасып, зұлым жаудан Отанын қорғады. Екінші дүние жүзілік соғысқа Жалағаштан үш мыңнан астам ер азамат аттанса, олардың екі мыңға жуығы майдан даласында жан тапсырды. Аяқ-қолдарынан ауыр жарақат алып, елге мүгедек болып оралғандары қаншама. Сол жауынгерлердің қатарында ағайынды Жанұлы мен інісі Байұлы Қазбековтер де бар. Олар ел басына күн туғанда иықтарына қару асынып, бейбіт өмір үшін күресті.
Бұған дейін де қазақ халқы талай қанды қырғынды бастан өткізіп, азаттық үшін соңғы демі қалғанша жаумен шайқасты, елді, жерді қорғады. Осындай баһадүр батырдың қатарында XVII-XVIIІ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысында ерекше ерлігімен көзге түскен Сәрке батырдың есімі елге белгілі. Ал, оның немересі Байқадам бабамыздың ұрыс даласындағы ерен еңбегін тарихи кітаптар таңбалайды. Байқадамнан Сейіл батыр туады. Ұрпақтарына ұран болған Сәрке есімі рух берсе керек Сейіл батыр мен Бұқарбай батыр «Сәркелеп» алға ұмтылғанда ешбір жау төтеп бере алмайтын көрінеді. Сейіл батырдан Бекқұлы есімді дарынды ұл өмірге келді. Бұлардың барлығы жеңіс жолында күрескен ержүрек жауынгерлер.
Жоғарыда айтылған батыр бабаларымыздың ұрпағы Жанұлы Қазбеков 1912 жылы дүниеге келген. Әкесі Бекқұлы Сейілов Сыр еліне белгілі болыстық, уездік сот төрағасы қызметтерін атқарған. Бекқұлы әкеміз қызмет атқарып жүрген кезінде 1928 жылы белгісіз бір себептермен мал-мүлкі тәркілеуге ілініп, бір жылдан астам уақыт тергеуге алынады. Араға бір жыл салып, яғни, 1930 жылы елге аман-есен келеді. Ол жылдары қазақ баласы бас көтеріп, сөйлесе халық жауы деген қағидамен орыс басқыншылары мал-мүлкін тәркілеп, қудалаудың шиелінісе түскен кезі екені белгілі. Ашаршылық кезінде бас сауғалаған игі жақсылардың көбісі күнкөріс қамымен Тәжікстан, Ауғанстан шекарасына қарай бет бұрады. Ашаршылықтың азары өткен Бекқұлы Ташкент маңындағы теміржол станциясында қайтыс болып, туыстары Бекжан мен Нарша Қайқы ұлдары ақ жуып, арулап сол жерге жерлейді.
Аштықтың ызғары халықты бір үзім нанға зар қылып, талай қазақтың өрендей ұл-қыздары оқ атылмай-ақ ажал қамытын киді. Араға 3 жылдай уақыт салып, елге 1933 жылы қайта оралған Жанұлы Бекқұлыұлы елмен бірге ашаршылықты ауыздықтауға жұмылып жұмыс жасайды. Тағы да бір айта кетерлік жайт, қудалауға ұшыраған Бекқұлы балаларының көбісі әкесінің емес, Бекқұлының бауыры Қазбектің атына жазылады. Себебі, әкесі тергеуге алынып, кудаланғандықтан, балаларын ешқандай жерге жұмысқа және әскерге алмайтыны белгілі еді. Атамекен-Ақбөгеттегі қамыс зауытында жұмыс істеп жүргенде Жанұлы атамыз 1942 жылдың басында Қармақшы аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге аттанып, одан әрі майдан даласына беттеді.
Иығына қару асынып, мұз жастанған жауынгер қайтсек те жаудың бетін қайтарамыз деген мақсатпен қандай бұйрық берілсе де, әр шабуыл сайын қатарластарының азайып бара жатқанын көрсе де ерік-жігері жасымады. Бірде, майдан даласында жан-жағын оққа боратып келе жатқан фашистік танкіге қарсы атты және жаяу әскерлер шабуыл жасайды. Осы тұста Кеңес әскерлері үлкен шығынға ұшыраса да, олар танкіге қарсы жойқын жорықты жалғастыра берді. Сол тұста даланы қызыл жалынға айналдырған фашистік танкіге жақындап барып, әскерлер оның көзін құртады. Сол кезде майдангер Жанұлы атамыз Қызыл Армия қатарында атты әскер дивизиясында взвод командирі лауазымында соғысқан еді. Бес қаруы сақадай сай, темірдей құрсауланған неміс техникасына бұлардың кавалериясы әлсін-әлсін шабуыл жасап, ақыры қаланы азат етті. Ол осындай шабуылдардың төрт-бесеуіне қатысып, иығынан ауыр жарақаттанып, әскери госпиталда ем алады.
Одан соң, Белоруссия, Калинин бағытындағы майданға жіберілді. Оқ пен оттың ортасында жаумен арпалысқан жауынгер 1944 жылдың ақпан айында екі бірдей аяғынан жараланып, ауыр науқастарға арналған госпитальға түсіп, екі аяққа бірнеше жерден тиген оқты алу үшін күрделі ота жасалады. Содан кейін ауыр жарақатына байланысты елге гвардия лейтенанты шенімен Отан соғысының мүгедегі болып оралды.
Елге оралған соң Жанұлы атамыз Ақсу ауылы көлемінде болған Жаңаталап колхозы басқарма төрағасының орынбасары, “Жас қайрат” колхозының басқарма төрағасы, партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды. Майданнан аяғы мен иығынан жараланып келіп, тұрып-жүруі қиын болғандықтан аудан басшылары оның астына қызметтік ат мінгізеді. Егістіктерді, қырманды атпен аралап, ел экономикасын қалыпқа келтіруге күш салды.
Одан кейінгі жылдары өндіріс бригадирі, сауда дүкенінің меңгерушісі, дайындау мекемесінде бақылаушы болып, сол мекемеден зейнеткерлікке шығады. Майдангер атамыздың жары Шырынкүл әжеміз де сол бір қиын кезеңдерде ел еңсесін тіктеуге атсалысып, әр салада елеулі еңбек етті. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында ерекше ерлік көрсеткені үшін І дәрежелі ордені мен медальдардың иегері Жанұлы Қазбеков 2003 жылдың ақпан айында 91 жастан асып, дүниеден өтті.
Ал, майдангердің інісі Байұлы жігерлі, білімді болған көрінеді. Қызылорда қаласына көшірілген педагогикалық институттың алғашқы студенттерінің бірі болады. Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы институтта оқып жүргенінде “Қызыл әскер” қатарына шақырту алады. 1939 жылы әскер қатарына алынып, Фин одан кейін Герман соғыстарына қатысып, 1943 жылы майдан даласында қаза тапқан. Ол әскерге барып келген соң мұғалім болып, жастарды білім нұрымен сусындатуды армандаған екен. Әскерге барар алдында пойызға мініп тұрып, артына ұзақ қарайлап: «Мені уайымдамаңдар, әскердегі борышымды өтеп келемін» деп, ағасы Жанұлы мен апасы Қазинаны қайта-қайта құшағына қыса берген көрінеді. Бәлкім бұл сапары мәңгілік сапарға ұласатынын сезді ме, әйтеуір, туған жердің топырағын уыстап алған ол төс қалтасынан суретін шығарып ағасына, ал шынжырлы қолсағатты апасына берген екен. Әскерде жүріп майдан даласына тап болған боздақтың артында тек осы бір естеліктер ғана қалды. Жастайынан шейт болған Байұлының есімі кенттегі "Ер есімі – ел есінде" атты «Боздақтар» алаңындағы ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер тізімінде тұр.
Міне, ағайынды майдангерлердің өмір жолы мен тағдыр-тауқыметі сол бір сұрапыл жылдардың азабын айқындап бергендей көрінеді. Бірақ, бұл екі ғана жауынгердің қысқаша тарқатылған тағдыры. Ал, жоғарыда айтып өткендей, ауданымыздан үш мыңға жуық жауынгер майдан даласына аттанса, олардың екі мыңға жуығы елге оралмады. Қаншама шаңырақ қара жамылып, бесіктегі бала жетім, аналарымыз жесір атанды. Сондықтан ардагерлеріміздің ерлігі, боздақтарымыздың есімі ешқашан, еш уақытта да ұмытылмайды.

Нұрсұлтан АЛПЫСБАЙҰЛЫ.