» » » ЖАСТАРҒА СЕНІМ БІЛДІРДІ

ЖАСТАРҒА СЕНІМ БІЛДІРДІ


Кеше т
әуелсіз еліміздің тарихында ел есінде қалатын елеулі күн болды. 9 маусымдағы сайлау нәтижесімен сайлаушылардың басым дауысымен жеңіске жеткен жаңа Президентті ұлықтау рәсіміне күллі қазақстандықтар куә болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сөйлеген сөзінде алдағы күндері Елбасының салып берген сара жолын одан ары жалғастырып, тәуелсіз елімізді өркендетуді төмендегі он бағыт бойынша жүзеге асыратынын айтты. Олар, Халықтың табысын арттыру; Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою; Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау; Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту; Тұрғын үй мәселесін шешу; Әділетті әлеуметтік саясат; Өңірлерді дамытудың жаңа бағдары; Рухани жаңғыру; Сыртқы саясат; Жас ұрпаққа ерекше жағдай жасау. Бұл бағыттардың барлығы да еліміздің одан әрі гүлденуіне, өркендеуіне ықпал етері сөзсіз. Әсіресе, әлгі атап өткен он бағыттың соңғысында ел келешегін қалыптастыратын жастардың ел мүддесіне қызмет ететін жаңаша идеяларына мемлекет тарапынан үлкен қолдау болатынын, жастарды жұмысқа орналастыру үшін және олардың бизнес бастамаларын дамыту үшін арнайы бағдарламалар қабылданатыны бізді қуантты. Сонымен бірге Президент сөзінің аяғында біздің жастарымыз мақсаткер, еңбексүйгіш, креативті сондықтан Қазақстанның болашағы жарқын деп сенім білдірді. Ендеше, біз де сол сенімнің үдесінен шығуға тырысамыз.

Нарбота СЕРӘЛІ,
Жалағаш аудандық Жастар ресурстық
орталығының бөлім басшысы.
13 маусым 2019 ж. 935 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930