Ауылда той-томалақ, құдайы-астарда Сәпи қарт жайында ақсақалдар әңгіме қаузап отырушы еді. Сөзіне құлақ түрсем, Сәпи деген заманында өте қарулы кісі болыпты. Талай техниканы бір өзі қолмен тарта әкеткен қария жайлы бірнеше оқиға бүгінде көп айтылады. Тіпті, көлік батып қалғанда «Сәпи келсе сәтімен» деген сөз...