» » ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢДЕ ОЗА ШАПСАМ ДЕЙДІ

ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢДЕ ОЗА ШАПСАМ ДЕЙДІ

Ауданда соңғы жылдары білім саласы алға басты. Мектеп түлектерінің жыл сайын мемлекеттік грантқа көптеп қол жеткізуі бізді қуантады. Бұл салада аянбай еңбек еткен аудан орталығындағы Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі ұжымы нәтижелі ісімен көпке үлгі болып жүр.

Осыған дейін аталған білім ошағының осыған дейін жеткен жетістігін басылым бетінде жариялаған едік. Одан бері де ұлағатты ұстаздары мен оқушылары түрлі сайыстан жүлделі оралды. Кеше ғана қоғам қайраткері атындағы мектеп-лицейінің технология пәнінің мұғалімі Әлішер Мырзалиев "Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі-2020" аудандық байқауында бірінші орынды қанжығасына байлады. Енді ол облыстық кезеңде бақ сынамақшы.
– Жасаған жұмысымыз ертеңгі күні жастардың бәсекеге қабілетті болуына оң әсерін тигізсе еңбегіміз еш кетпегені деп білемін. бүгінгі байқауда ауданның кіл мықтылары бақ сынады. Өзімнің топ жаруымды дайындық жұмыстарында жинаған тәжірибеммен байланыстырамын. Алдағы облыстық кезеңде де жүлделі орыннан көрінуге бар тәжірибемді жұмсаймын, – дейді жас маман.
23 ақпан 2020 ж. 364 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930