Артылған сенімді ақтау – бізге міндет

Тұңғыш Президент өз мақаласында жас ұрпаққа келелі кеңес айтып, сенім білдірді. Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген бізді еліміздегі ең қуатты күшке теңеді. Ал осы сенім үдесінен шығу – сіз бен бізге міндет. Расында аға буын біздің кемел келешегіміз үшін қолдан келген көмегін аямады. Енді тәуелсіз мемлекетімізге қызмет ететін уақыт жетті. Бізге, жастарға жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істерге ұмтылу қажет. Үлкенге ізетті, кішіге қамқор, бір-бірімізге дос болу сияқты жақсы қасиеттер бойымызда көп әрине. Бірақ алдағы уақытта қандай қиын кезеңге тап болсақ та осы жақсы қасиеттерімізді бойымыздан жоғалтып алмауымыз керек.
Қазір елдегі жағдайға біз де алаңдаймыз. Бірақ бұл қиындықтан өтерімізге сеніміміз мол. Егемен елдің еңсесін одан әрі тіктеуге біз өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Себебі мемлекет бізге сенім артып отыр.
Нарбота СЕРӘЛІ,
аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері
аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері