Бүгін Чернобыль атом электр станциясында жарылыс болған күн
Осыдан 34 жыл бұрын, яғни 1986 жылдың 26 сәуірінде әлемдегі ең жойқын техногендік апаттардың бірі - Украинадағы Чернобыль атом электр стансасында жарылыс болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Чернобыль апатының салдарынан Украинаның елеулі бөлігі мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағында радиоактивтік ластанудан халық өміріне зор қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 шақырым жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады. Кем дегенде 5 миллион халық зардап шеккен. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз. 1986 жылдың қараша айына дейін Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға бүкіл Кеңес одағынан 650 мыңнан астам адам тартылды.
Олардың арасында 32 мыңнан астам қазақстандықтар жұмыс істеді. Көпшілігі денсаулықтарынан айрылды және құрбан болды. Сонымен қатар 2006 жылдың 10 қарашасы күні Украина Президентінің Жарлығымен естелік датасы - Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқандарға құрмет көрсету күні бекітілді. Сол дата жыл сайын 14 желтоқсан күні аталып өтеді. 14 желтоқсанды өздерінің мерекелері санайтын мамандар бұл күнді көптен бері «Ликвидатор күні» деп атайды. 1986 жылы апат салдарын жоюға қатысушылар бас қосып, алғашқы жеңістерін атап өтті. Себебі, барлық қиындықтарға қарамастан апат салдарын жоюға қатысқандардың өздері 14 желтоқсанды мереке деп санайды.
Чернобыль апаты болған күн Ресей де ресми мереке ретінде бекітілген. 2012 жылдың сәуірінде РФ Президенті Дмитрий Медведев Естелік даталар туралы федералдық заңға өзгерістер енгізіп, оған сәйкес, Ресейде жаңа дата - Радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға қытысушылар мен осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алу күні пайда болды. Ол жыл сайын 26 сәуір күні аталып өтеді.