» » НАҒАШЫ АТАМДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫН

НАҒАШЫ АТАМДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫН

Отанға қауіп төнгенде қолына қару ұстап, жауға қарсы тұрған аталарымыз бен ағаларымыздың ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Олардың көпшілігі жан беріп, жан алысқан ұрыстарда қаза тапты. Ал аман-есен оралғандары халық шаруашылығының түрлі саласында еңбек етті, ұрпақ тәрбиеледі. Партия-кеңес жұмыстарында басшы қызметтер атқарып, ұйымдастыру ісінің нағыз үлгісін көрсетті. Солардың бірі менің майдангер нағашы атам Алпысбай Ералиев атамыз туралы аз-кем әңгіме қозғағанды жөн көрдім.

Табаны күректей төрт жылға жуық бел жазбай «Жеңіс үшін, майдан үшін» деген ұранмен еңбек еткен Кеңес Одағының халқы үшін жеңіс күні үлкен мереке еді. Содан бері жыл сайын көктемнің осы шуақты күнінде халық әдемі киініп, көшеге шығады, жер-жерде ұйымдастырылатын шерулер, митингтер мен салтанатты жиындардың арты үлкен тойға айналады. Халық жеңімпаз Армиясын мақтаныш етеді. Ұлы жеңіске арналған «СССР Победа 1945-2005 гг» деген жазуы бар медальмен көптеген майдангер марапатталған болатын. Соның біреуі – менің атам.

Алпысбай ата 1923 жылы наурыз айының 22-сі күні Аққұм ауылының бөлімшесі Комсомол колхозында дүниеге келген. 1931 жылы комсомол колхозында мектеп табалдырығын аттап, 7-ші сыныпты тәмамдап, қалған оқуын қазіргі Аққұм ауылының (сол кездегі атауы Сталин колхозы) Шымбөгет орта мектебін 1940 жылы бітіріп, 1942 жылы Отан соғысына шақырылып, 1943 жылы аяқ-қолынан ауыр жарақат алып, ауылға қайтарылған. 1944 жылы Тереңөзек ауданының Шаған ауылына қоныс аударып, Аламесек МТС-да, 1944 жылдан 1947 жылға дейін (учетник) қызмет атқарған. 1946 жылы Оспанова Толқынкүл әжеммен отау құрды. 1948 жылдан бастап Шаған ауылының орталық магазинінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1950 жылдан 1956 жылға дейін Тереңөзек ауданы 10-шы ауылының орталық магазиндеріне басшылық ететін сельпо орталығы Шағаннан ашылып, осы сельпоның басшысы қызметін атқарды. Осы жұмыспен қоса, 1950 жылдан 1956 жылға дейін Тереңөзек аудандық халық сотының заседателі қызметін атқарды.

1957 жылы Жалағаш ауданының Аққұм ауылына қоныс аударып, 1957 жылдан 1960 жылға дейін Аққұм ауылының орталық магазинінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1961 жылдан бастап 1963 жылға дейін Аққұм ауылының ауыл шаруашылығында еңбек етіп, 1963 жылы Жалағаш ауданына келіп, 1983 жылы зейнеткерлікке шықты. Нағашы атамның көп жылғы елге сіңірген еңбектері мен Отан қорғау жолындағы ерліктері ескеріліп, көптеген мерекелік медальдармен марапатталды.
Жаққан оты өшкен жоқ. Алпысбай атаның 3 баласы, 13 немересі, 9 шөбересі бар. Балалары қазір түрлі салада жұмыс жасайды. Ал немерелері жоғары оқу орындарын бітіріп, қызметке орналасты. Алпысбай атам 90 жастан асып, 2014 жылы дүниеден өтті.

Әйгерім ПРМАНОВА,
майдангердің немересі,
№ 201 мектеп-лицей мұғалімі


05 мамыр 2020 ж. 616 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031