» » ОҢ НӘТИЖЕЛЕР – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

ОҢ НӘТИЖЕЛЕР – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

Жалағашта қазіргі таңда індетпен күрес шаралары қарқынды жүруде. Науқастар саны бүгінде жүзге жуықтады. Десе де мамандар дертінен айыққандардың да қатары қалыңдағанын айтады.

Расында өткен айлармен салыстырғанда кесел жұқтырғандар саны да төмендеп келеді. Кеше облыс бойынша жедел-жәрдем көмегіне жүгінушілердің де саны азайған деген жақсы жаңалықты естігенбіз. Ақ халатты абзал жандардың өз ісіне адалдығы осылайша оң нәтижелерге қол жеткізіп жатыр. Тәулік бойы тікесінен тік тұрып халықтың денсаулығына қалтқысыз еңбек еткен оларға жалағаштықтардың да алғысы шексіз.
Аудандағы іскер азаматтар да олардан қаржылай көмегін аяп жатқан жоқ. Қожахмет Баймаханов, Шакизатхан Ысқақов сынды туған жердің патриот азаматтары осыған дейін ауруханаға қажетті замануи апарттар алып беріп, қаржылай қолдау көрсетті. Бірлігі бекем аудан халқының осындай ұйымшылдықпен жасаған ісіне қарап, бұл қиын кезеңді де еңсеретінімізге сенім артамыз.

Алма Мұзаппарқызы,
аудан тұрғыны

 
22 шілде 2020 ж. 481 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930