» » ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Ауданда ілкімді іс көп. Барлық салада оң өзгеріс, ілгерілеушілік басым. Әсіресе құрылыс саласы серпін алды. Жалағаштағы бой көтеріп жатқан ғимараттардың барлығы осының дәлелі. Соңғы екі-үш жыл көлемінде бірнеше нысан пайдалануға берілді. Олар бүгінгі күні ел игілігі үшін қызмет етуде. “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында жөндеуден өтіп жатқан Балабақша құрылысын өңірге қажетті нысандардың бірі деуге болады.

Жалпы балғын балалық шақ – адам баласының тұлға болып қалыптасуындағы ең күрделі әрі қызықты шағы. Себебі бұл кезеңде бала қоршаған ортаны танып-біліп, жарқын дүниенің тыныс-тіршілігімен таныса бастайды. Осы жасында көрген-білгені, көңіліне түйгені әр бала үшін өмір бойғы азық болмақ. Тілі енді ғана былдырлап шыға бастаған бөбектерді мектепке дейінгі тәрбие беру орындарына беру оларды бауырмалдыққа, өзіне, елге қызмет ете білуге тұлға ретінде қалыптасып, кемелденуіне үлкен септігін тигізеді. Олар ошақ қасынан гөрі балабақшада ойын дамытуға, көпшілік ортада өзін ұстай білуге, жоғары адамгершілікке және білімге деген құштарлығын оятуға, одан ары арттыруға мол мүмкіндік алады. Бүгінгі біздің қоғамның басты талабы да – осы. Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты толысқан, ұлтжанды ұрпақты қалыптастыру.
Бүгінгі таңда ауданда күрделі жөндеуден өтіп жатқан ескі емхана ғимараты балабақша ретінде қайта жаңғыртылмақ. Жөндеу жұмысының басталғанына аз ғана уақыт болса да, бүгінгі күні жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Балабақша құрылысына жұмыспен қамту орталығы арқылы отыздан аса адам тартылған, барлығы 68 жұмысшы жұмылдырылған. Бригадир Орынбасар Ақылбаевтың айтуынша, ғимаратты балабақша етіп реконструкциялау жұмыстары алдағы қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде. Егер жұмыс жүйелі түрде жалғасын табатын болса, биылғы жаңа оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие беру орны ашылмақ. Мұны өңір тұрғындарының игілігі үшін жасалып жатқан игі іс деуге болады.
Ғимаратқа жүргізілетін жұмыстардың қатарында есік, терезелерін шатырын ауыстыру, ішкі қабырғаларды түсіріп сылау, сыртқы қабырғаларын темірлі сайдинктермен қаптау, едендерді, кәріз жүйесін, жылу жүйесін ауыстыру, сыртқы қоршау жұмыстарын жүргізу, ғимараттың аумағын абаттандыру бар. Басталғанына екі айға жуық уақыт болған жөндеу жұмыстары әлі де қызу жүруде. Жұмысшы топтың жетекшісі Орынбасар Ақылбаевтың сөзінше, қазіргі таңда ғимарат ішінде бояу, сырлау, ақтау жұмыстары жүргізілсе, сыртқы қоршау, тас төсеу секілді жұмыстар қолға алынған. Жүйелі істің куәсі болған аудан халқы алдағы уақытта да талай бастаманың игілігін көреді деп сенеміз.


Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ
11 тамыз 2020 ж. 286 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031