СОҢҒЫ НАУҚАС 7 ТАМЫЗ КҮНІ ДЕРТІНЕН АЙЫҚТЫ
Коронавирусқа қарсы күрес шаралары Жалағашта өз жемісін бере бастады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесін бүгінгі ахуалдан бағамдауға болады. Кеше індетті ауыздықтау мақсатында аудандық аурухана ұжымының атқарған жұмысын білу үшін бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Аманкүл Өтегенқызына жолыққан едік.
Жалпы аудандағы ақ халатты абзал жандардың әрбір елді мекенге кіре беріс жолдарға қойылған блок бекеттерде тәулік бойы тынымсыз еңбек еткенін жалағаштықтар жақсы біледі. Ал алғаш коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас маусымның үшіне тіркелген күннен бастап олардың жұмысы да қауырт болды. Себебі осы күннен бастап аталған дертке шалдыққандар қатары көбейген болатын. Десе де абзал жандардың өз ісіне деген жауапкершілігі мен тәжірибесі індетті толықтай ауыздықтауға мүмкіндік берді. Тікелей дертті жұқтырғандарды емдеу шаралары Мәдениет ауылында жүргізілді.
Жалағаштықтар қашаннан бірлікті ту етіп, ымырамен іс қылудың жемісін көріп келеді. Кешегі қиын күннің де артта қалуына осы ауызбіршілігіміз сеп болды десек, қателеспейміз. Аманкүл Өтегенқызы бастапқыда науқастарды емдеу шаралары кезінде бізде оттегі концентратор аппатарының тапшылығы анық байқалғанын айтады. Туған жерді түлетуге бұған дейін де атсалысып жүрген Қожахмет Баймаханов, Шакизатхан Ысқақов сынды бірқатар іскер азаматтар мәселенің алдын алуға қолда бар қаражатымен жәрдемдесіпті.
– Індетпен күрес шараларының қиын күндерін бастан өткердік. Тәулік бойы сол жерде өзім де жұмыс жасағандықтан ондағы әріптестерімнің тынымсыз еңбегін жақсы білемін. Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін түсінеміз. Десе де оған сызат түсірмеу – біздің міндетіміз. Сол сенім үдесінен әріптестерім шықты деп ойлаймын. Рас, бастапқыда бізде оттегі концентратор аппаратының тапшылығы болды. Алайда қол ұшын созған іскер азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың игі шарасының арқасында бұл мәселе толықтай өз шешімін тапты. Оларға біздің жұмысымызды жеңілдеткені үшін алғысымыз шексіз. Біз қашанда осы халықтың денсаулығына аянбай еңбек етуге дайынбыз. Кешегі індетпен күрес шараларының нәтижесі бұл сөзіміздің дәлелі іспетті. Аяққа тұрып, дертінен құлантаза айыққандар тек алғыс білдіруде, – дейді бас дәрігердің орынбасары.
Жалағаштық ақ халатты абзал жандардың дертке қарсы күресте нәтижелі іс қылғанын біз де жақсы білеміз. Мәселен, алғаш аталған инфекцияны жұқтырған науқас тіркелген күні дайындалған төсек орыны нақтыланған жағдайларға байланысты арта түскен еді. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған төсек орын 6-дан 25-ке бір-ақ көбейген. Уақытында нақтыланғандарды оқшаулауға арналған төсек орында да өсім көп болды. Ал қазір ше? Қазір керісінше төсек орындар саны кемуде. Себебі індеттің беті қайтып, абзал жандар атқарған жұмыста оң нәтиже қалыптасты.
Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының сөзінше, бүгінде провизорлық стационарда 6 науқас жатыр. Ал тікелей коронавириус індетін жұқтырғандар жататын төсек орында қазір ешқандай науқас жоқ, соңғы науқас тамыздың 7-сі күні дертінен айыққан. Яғни дәл осы күні нақтыланған науқастар жататын орын да жабылды. Салада 40 жылға жуық тәжірибесі бар білікті кадр әлі де тұрғындар қауіпсіздік шарасына бей-жай қарамаса дейді. Себебі індеттің беті толықтай қайтты деу әзір қиын.
– Әлемде әлі толық емі табыла қоймаған бұл дертпен күресу дәрігерлерге оңай соққан жоқ. Десе де әріптестерімнің қауіпсіздікті қатаң сақтауының нәтижесінде олардың ешқайсысы бұл дертті жұқтырған жоқ. Тұрғындар да қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережесіне бей-жай қарамаса дейміз. Бұл өмір әрбір адамға бір-ақ рет беріледі. Соны бағалай білуіміз керек. Мемлекет ортақ тәртіпті жарқын болашақ үшін бекітіп отыр. Сондықтан оған баршамыз түсіністік танытуға міндеттіміз. Мұндай жағдайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармай төнген қауіптің бұлтын сейілтемін деу бекер. Бұл сөзімізге жалағаштықтардың індетті ауыздықтаудағы өнегелі ісі тұздық болады. Бірліктің, ымыраның арқасында біз бұл індеттің бетін қайтарып жатырмыз, – дейді Аманкүл Өтегенқызы.
Ауданда коронавирус инфекциясымен күресуге барлығы 100-ге жуық ақ халатты абзал жан жұмылдырылды. Қазіргі қалыптасқан оң нәтижеде олардың әрқайсысының өзіндік қолтаңбасы бар. Тікелей аталған инфекциямен күресуде тынымсыз еңбек еткендер мемлекет тағайындаған бірнеше айлық есептік көресткішпен үстемақыға қол жеткізді. Олардың алды айына 849 мың теңгеден алса, енді бірнешеуі 420 мың теңдеген қосымша үстемақыға қол жеткізді.
Жалағаштық ақ халатты абзал жандар осылайша өзіне артылған міндетке қашанда жауапкершілікпен қарайтынын тағы бір дәлелдеді. Бұған дейін де науқастар тарапынан олардың нәтижелі ісіне бірнеше рет алғыс жоданған еді. Мұнан кейін медицина саласының тәжірибелі мамандарына халықтың құрмет арта түсері сөзсіз. Біз де осы ауданның азаматы ретінде оларға тек алғыс білдіреміз.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ