МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА ТҰРҒЫНДАР ДА ТАЛАП-ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҚАТАҢ САҚТАҒАНЫ АБЗАЛ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарлама жоспарының тармақтарын орындау барысы аудандық полиция бөлімінің бастығымен келісіліп, Жалағашауданының әкімімен бекітілген. Қазіргі танда аудан көлемінде бөтен мүлік ұрлықтары алаңдатушылық білдіруде, оның ішінде мал ұрлығы қылмыстары кең етек алып отыр.
ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес ІІО-ры қызметіндегі басым бағыттарының бірі мал ұрлығына қарсы іс-қимыл болып табылады. Биылдың өзінде 7 ай 14 күнде 12 мал ұрлығы орын алса, оның 3-еуі қорадан, 9 дерегі немесе жалпы мал ұрлығының 75 пайызы қараусыз, бақташысыз еркін жайылымнан жоғалып отыр, мұнда олар әдетте қараусыз болады, осылайша қылмыстың аталған түрін жасауға жағдай туындайды.
Бұл бағыттағы қылмыстардың алдын алудағы негізгі профилактикалық жұмыстардың бірі жеке тұлғалар иелігіндегі малдарды падамен немесе кезекпен бағу болса, ауылдық елді мекендер мен кентте тек уақ малдар кезекпен бағылуда. Ал ірі қара, жылқы, түйе сияқты түліктің басқа да түрлерін падамен бағу назардан тыс қалып отыр. Мұның соңы кейде жол апатына да әкеліп жатады. Мәселен, ірі малдарды күнделікті падамен бақпау салдарынан «Батыс Қытай – Батыс Европа» тасжолы бойында орналасқан елді-мекендер тұстарында малдан қашамын деп автокөліктер соқтығысып, азаматтар жол көлік оқиғаларынан әр түрлі жарақаттарын алуда. Сол себепті малдарды қараусыз жібермеу үшін қашалар /қоралар/ құру «бақташы-иегер-жегілікті атқарушы орган» қағидаты бойынша үшжақты шарт жасауды практикаға енгізу бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар елді мекендерде ауыл тұрғындары мал қораларын үй ауласына емес, ауладан тыс жерлерге 100-200 метр қашықтықта салып малдарды түнімелік қараусыз қалдыруда, бұл дегеніміз ұрыларға оңай олжа екені анық. Жеке тұлғалардың үй ауладан тыс жерлерге салынған мал қораларын заң аясында үй аулаларға көшіріп, тиісті жерлерін қоршауға алған жағдайда қорадан мал ұрлық қылмыстарының азайуына өз септігін тигізеді.
Жоспардың 1.1 тармағына сәйкес мал жайлымдық жерлер мен мал қоралардан ұрланып жатқан малдардың арасынан еш құжатталмаған, таңбаланбаған немесе сырғаланбаған малдар көптеп кездесіп жатады. Өткен жылдарды қоспағанда биылғы жылдың 7 айында жоғалған немесе ұрланған 26 бас малдың 11 басы ғана сырғаланып, оның ішінде 7 басы таңбаланған. Қалған ұрланған малдар сәйкестендіріліп, таңбаланбаған. Сәйкестендірілмеген малдар жоғалған немесе ұрланған уақытта оларды іздестіру қиынға соғады, себебі ұрлық болғаны туралы қала басқа аудандық полиция бөлімдеріне дер кезінде хабарлану керек, мал жайылымдық жерлер, мал базары, мал соятын басқа да орындарда жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында мал малға ұқсап, ажырата алмай қиындықтар туындап жатады.
Сонымен қатар мал жайлымдық жерлерде, құздарда суы бар арық, каналдарда малдардың өлекселері табылып жатады және автокөліктер жүруге арналған қандайда болсын тас жол бойында, әсіресе «Батыс Қытай – Батыс Европа» тас жолы бойында орналасқан елді-мекендер тұстарында автокөлікпен соқтығысқан малдың өлекселері көп кездеседі, осындай соқтығысып өліп қалған малдарды иелері уақытылы қарамау салдарынан мал егелеріне кейін «Малым ұрланды» деп арызданбау үшін хабарлауға мүмкіншіліктер болмай, арызданып жатады.
Малды таңбалау, сырғалау, оны жайылымдық жерге бақташысыз жібермеу, үй ауласынан тыс қораларда мал ұстамау өз кезегінде мал ұрлығының алдын алуға оң әсерін тигізеді. Бір жағынан орын алған қылмысты ашуда құзырлы органдар жұмысының жеңілдеуіне жоғарыда айтып өткен талап-ережелер сеп болатынын тұрғындар да ескерген жөн.
Малды таңбалау, сырғалау, оны жайылымдық жерге бақташысыз жібермеу, үй ауласынан тыс қораларда мал ұстамау өз кезегінде мал ұрлығының алдын алуға оң әсерін тигізеді. Бір жағынан орын алған қылмысты ашуда құзырлы органдар жұмысының жеңілдеуіне жоғарыда айтып өткен талап-ережелер сеп болатынын тұрғындар да ескерген жөн.
М.ӨСЕР,
Жалағаш аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары
Жалағаш аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары