» » БЕРІК ОТБАСЫ – ЕСІРТКІДЕН АЛЫС!

БЕРІК ОТБАСЫ – ЕСІРТКІДЕН АЛЫС!


Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан

жарияланған сайысқа

Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін
                                                        жағымсыз әрекет ол – нашақорлық
                                                                                                Н.Ә.Назарбаев

Отбасыбала тәрбиесінің ең алғашқы ошағы. Әрбір адам баласына отбасы өте қажет. Ол – басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайтын баспалдақ. Отбасында туған-туысқа, жақындарыңа деген ыстық сезімдер, сүйіспеншіліктер, жылы қарым-қатынастар орын алады. Әр бала отбасында ата-ананың қылықтарын қайталап өседі. Ал балаға ешқандай тәрбие берілмесе, әкенің ақылын, ананың аялы алақанын сезінбесе, бұл бала жылуды сырттан, өзін қоршаған ортадан, кездейсоқ достарынан алады. Нәтижесінде ол ішімдікке салынып, шылым шегіп, есірткіге әуестенеді.
Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиясында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Қазіргі кезде етек алған нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып ғасыр індеті жүр. Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл айықпас «жұқпалы ауруға» өкінішке орай Қазақстан да шалдыққан. Уақыт өткен сайын бұл ауру тарап, асқынып, қоғамымызды жаулап алуда. Оныңбірсебебі – жоқшылық, жұмыссыздық, қымбатшылық. Қазіргі қоғамда есірткіні қолданатындардың басым көпшілігі – жастар, оның ішінде, үйінен жылулық көрмеген бойжеткендер мен бозбалалар. Оның көптеген себептері бар. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп бермейді. Өмірдің не екенін түсіне бермейді. Екіншіден, бұл жаста қоршаған ортаға, онда болып жатқан оқиғаларға назары ауып, қызығушылығы оянады. Өзге жандардың әрекеттерін үлгі көріп, содан соларға еліктеп, өзінің қалай шоқ басқанын білмей қалады. Сондықтан ата-аналар кәмелетке толмаған, оңы мен солын ажырата алмайтын балаларының қайда жүргенін жіті бақылап, олардың жүріс-тұрысын мұқият қадағалау керек. Бала тәрбиесіне, біріншіден, өз ата-анасы жауапты, бұл – барлық ата-анаға ортақ іс.
Қазіргі заманда есірткі бизнесі жаңбырдан кейінгі саңырау құлақ секілді дүние жүзін жайлап келеді. Қай елде болсын, оның тұтынушыларға, әсіресе болашақ жастарға тигізер зияны орасан, үлкен қауіп тудырады. Қазақстанда нашақорлықтың алдын алуға және есірткі бизнесімен күрес жүргізуге бағытталған заң бар. Нашақорлықтың алдын алу үшін жастаржәне қоғам болып есірткі деген затқа теріс көзқарас қалыптастыру, нашақорларды зейінсіз қалдырмау, оларды бақылауға алу, емделуге бет бұрғызу, күресу, психологиялық бейімдеу, оларды қоғамнан тыс қалдырмау керек. Қазіргі кезде нашақорларды емдейтін орталықтар ашылып жатыр, сонда да емдеу орталықтарының санын көбейте түсу керек. Біріншіден, емнің сәтті аяқталуы үшін адамға ауруды жеңем деген сенімі болуы, екіншіден, жақындарының қолдауы керек. Сонда ғана адам ауруынан толықтай айығып шығады. Адамдардың дені сау, қоғамымыздың өркениетті болуы үшін, нашақорлыққа қарсы күресу – әр азаматтың міндеті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар және әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек.
Әрбір азамат қоғам тыныштығы, саулығы, өміршеңдігі үшін нашақорлыққа табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қорытындылай келе айтарымыз: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», – деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау – білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік! Тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде салауатты өмір салтының сақталуы үшін бір кісідей ат салысайық!
Хамитовтар отбасы
Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ байқауына
15 ақпан 2021 ж. 1 988 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930