» » 2020 ЖЫЛҒА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2020 ЖЫЛҒА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзыреті шегінде осы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне күнделікті камералдық бақылау жүргізеді. 2020 жылғы камералдық бақылау қорытындысы бойынша аталған департаментпен 433 640,9 млн теңгені құрайтын 6 753 лот қамтылды, оның ішінде 52 504,8 млн теңге сомасына 2 102 хабарлама бойынша Мемлекеттік сатып алуды өткізу нормаларын бұзушылықтар анықталды. 31.12.2020 жылғы есепті кезеңге аудит объектілері 2102 хабарламаның 2097-сін орындады, оның ішінде 5 хабарлама бойынша орындау мерзімі аяқталған жоқ.

Аудит объектілерінің жіберілген хабарламаны орындамауы үшін департамент осы Заңның 32-бабында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру бойынша камералдық бақылауға ден қою шараларын қабылдады.
 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген 462-баптың 3-бөлігі бойынша 84 507 теңге өндіріп алынды. Сонымен қатар конкурс рәсімдеріне шағымдану шеңберінде департамент мекен-жайына 1356 шағым түсті, оның ішінде 588 шағым толық және ішінара қанағаттандырылды, сондай-ақ 768 шағым қанағаттандырудан бас тартылды.

Қызылорда облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит 
департаменті
30 наурыз 2021 ж. 9 678 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930