ҚАРШЫБЕК ҚАРИЯНЫҢ БАҒЫ
Бірлігі жарасқан өңірде береке боларын жақсы білеміз. Дәл осы қанатты сөзді қаперде ұстап, ынтымақты ту еткен мақпалкөлдіктер ымырамен іс қылудың жемісін көріп отыр. Бір байқағанымыз бұл ауылда кейінгі буынға сөзі өтімді ардагерлер жетіп артылады. Бәлкім ауызбіршіліктің арқасында ауыл тұрғындарының талай асуды бағындырғаны содан да шығар, сірә.
Ауылға арнайы ат басын бұрудағы мақсатымыз, осыдан бірнеше күн бұрын Мақпалкөлде ауласын бағбанға айналдырған қарияның барын құлағымыз шалған еді. Қазір сенбілікке шығу былай тұрсын, өзінің ауласының тазалығына салғырт қарайтын жандар да жетіп артылады. Мақсат осындай тұрғындарға әлгі бағбанның шаруасын насихаттау еді.
84 жастағы Қаршыбек Жұмановтың еңбексүйгіштігі расында көпшілікке үлгі етуге лайықты екен. Киелі шаңырақтың ауласын тұтастай бағбанға айналдырған қариямыздың өзі де ауыл шаруашылығы саласының ардагері екен. Кейіпкерімізге қай талдың, яки қандай жеміс ағашының күтімі қалай болуы керек, ол жағы таңсық емес. Мұнда түрлі жеміс ағаштарының санында шек болмауының себебі содан да шығар, сірә.
Жастайынан даланы дүбірге толтырған еңбек ардагері өз ауласына жауапкершілікпен қарауды да назардан тыс қалдырмапты. 1958 жылы Отан алдындағы борышын өтеген кейіпкеріміз әскерден келе сала ауыл жұмысына қайта араласады. Шаруашылықта күрішші болып еңбек еткен диқанның жасы сексеннен асса да дамыл таппай, еңбектен қол үзбеуі талай жанға үлгі болары анық.
Әңгіме барысында өзінің өмір жолынан дала жұмысына басымдық берген қария Жер-Ананы қаншалықты күтіп-баптасаң, соншалықты жемісін көретініңді айтады. Бұл ақылын жоққа шығаруға лажың жоқ. Себебі ақылға қонымды кеңесімен бағбан жеміс ағашынан көз сүрінер ауласына қарап кеңінен ақтарылды. Бәлкім бұл қарасы “Менің мына еңбегім осы сөзіме дәлел” дегендей көрінді бізге.
Бағбан тек жеміс ағаштарын күтумен ғана айналыспайды. Көктем кірісімен өз ауласындағы бос жатқан жерлерді қарықтап, бақша дақылдарына дайындап қояды екен. Біз барғанда бос жатқан жерлердің біразын игеріп те қойыпты. Аяқсудан да айтарлықтай мәселе жоқ. Себебі өңірдегі шаруашылық төрағасы Әліби Бекжанов бұл мәселенің шешімін тауып та қойған.
Дала дүбірінен шабыт алатын қарияның жүрісі баяу болғанымен жер өңдеу кезіндегі қимылы шалт. Оның әрбір жеміс ағашының түбіне үңіліп, күтімін жасап жатқанын көрсеңіз, көз алдыңызға еңбекке жарап қалған жас бала келеді. Бір ғана үйдің ауласын 700-ге жуық түрлі жеміс ағашымен жайқалтып қойған қарияның жақын арада еңбектен қол үзгісі жоқ. Керісінше Құдай қуат берсе, әлі де олардың санын көбейтуге күш салатынын айтып отыр.
– Табиғат – біздің басты байлығымыз. Қазақтың “Бір тал кессең, он тал ек, атадан мал қалғанша тал қалсын” деген қанатты сөзді өсиет етуі де сондықтан. Біз бұл мағыналы сөзді жай айта береміз, негізі одан сабақ алғанымызды ісімізбен көрсете алмайтынымызға қынжыламын. “Қазіргі жастар жалқау” деп жалпылама айта беруге болмайды. Керісінше біз олардың бойындағы тарыдай болса да талантты шыңдауға өз ісімізбен үлгі болуымыз қажет. Біз де қазір тоқсанға таядық. Сонда да мені “Ертең артыма не қалдырамын?” деген сауал мазалайды. Әркім өз саласында тәжірибелілігін танытып, жастарға үлгі болса, біз көштен қалмаймыз, керісінше көшілгері боларымыз анық. Кейінгі буынға, жалпы замандастарыма айтарым, табиғатты аялай білудің жемісін түбінде өзіміз көреміз. Демек, табиғатқа жасап жатқан қамқорлығың – өзіңе жасап жатқан қамқорлығың. Шөлейтте орналасқан елдердің қолдан орман жасап жатқанын көргенде судың түбінде отырып біздікі не деймін кейде. Әр адам өз ауласын жайқалтып қойып таза ұстаса, бізде көркейту-көгалдандыруға қатысты мәселе болмас еді. “Табиғат экологиясынан адам экологиясы қауіпті” дейді тағы да қазекең. Яғни табиғат экологиясын қалыптастыратын да, оның алдын алатын да өзіміз. Ал мәселемен күрескеннен оның алдын алған маңызды екенін менен жақсы білесіз, – дейді данагөй қария.
Қаршыбек атамыз “Мағыналы сөзден сабақ алғанымызды ісімізбен көрсете алмай жүрміз” деп қынжылады, ол бұл жерде тек өз атынан ғана жауап беріп тұрған жоқ, баршамыздың атымыздан айтып отыр. Болмаса тоқсанға таяған қарияның сүбелі сөзден нәтиже шығарғанын көзімізбен көрдік қой. Сондай-ақ ол аяқсу арықтың сыртына тасып жатқан талы жоқ үй аулаларын көргенде өзі барып қалемше отырғызып бергісі келген тұстары да болғанын жасырмады. Қарияның бұл сөзінде еш жасандылық жоғына да бізде күмән болмады. Себебі қолы қалт етсе, иыққа кетпенін асып, ауласына асығады да тұрады. Несін жасырамыз, үйдегілер есік алдындағы бақша дақылдарын егетін жерді дайындап жатқанда ғана күрек ұстағанға арасында шаршадық дейміз. Ғұмыры ғасырға таяса да тал егуден шабыт алатын бағбанның бұл ісін көріп әлгіндей ойымыз үшін іштей ұялдық. Мұны ішімнен ойлап тұрмын әрине, дәл осы ойыммен бөліссем, ақсақалды тағы қанша уақытқа қартайтады екенмін деп қорықтым.
Көкеміз ауладағы жұмысын немерелерінсіз бастамайды. Бұл тұста ол ойын балаларының көмегіне зәру емес. Тек ойы осынша жетістіктің түбінде қандай еңбек жатқанын өскелең ұрпаққа ұғындыру еді. Кәдімгі баламен балаша сөйлесіп, еңбекке баулып жатыр. Қарасаң, көз сүйсінеді.
Баяғыда біздің ауылда да ауласынан бақ жасаған Өмірбек Өтегенов, Қасымбек Нәдірбеков деген ақсақалдар болды. Қазір ол кісілердің қайтыс болғанына да бірнеше жылдың жүзі болыпты. Көзі тірісінде ауласын жеміс ағаштары мен бақша дақылдарына толтырған қариялардың қайтыс болғанын арамызда жоқтығынан емес, ауласының айтақыр болып қалғанынан аңғарамыз. Қолда бардың қадірін біліп, осындай еңбекпен еңсе тіктеген қариялардың жиған тәжірибесін құрығанда он-он бес отбасы алып қалғанда бізде тазалық, көркейту-көгалдандыруға қатысты мәселе болмас та еді.
Бірді айтып, екіге кетеміз ғой. Кеше ауданда өткен сенбіліктердің бірінде орталық аурухана орналасқан көшенің қос бетін қоқыстан арылтып, талдардың түбін әктедік. Әрине ұжым болып. Мұндай жұмыстарға тұрғындарды шығару қиынның қиыны қазір. Жергілікті биліктің үй-үйді аралап, аулаңызды таза ұстаңыз, көше жиегіне құрылыс заттарын түсірмеңіз деп кеңес беріп жүргеніне тұрғындар, біз ұялуымыз керек. Алаңсыз әрбір ұжымға белгілеп берілген көшені өздері тазалап бергенге жаман үйренгенбіз. Айтайын дегенім, біз тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқан көшенің тұрғынның көше жиегінде өсіп тұрған талдан бөлек ауласында да 5-6 тал бар екен. Үйіне келген қонақты шығарып салып тұрған әлгі апамызға біздің көше жиегіндегі талдарды әктеп кететінімізді айтып, өз аулаңыздағы талды да өзіңіз әктеп алсаңыз дұрыс болады десек, жаңағы шырағымның сендер не істейсіңдер деп қойып қалмасы бар ма?. Мен көзіммен көрген бір ғана жағдайды айтып тұрмын. Болмаса сенбілік барысында мұндай келеңсіздіктердің талайына тап болғанымыз бар. Бір әріптесім айтып еді, бір жылдары ұйымдастырылған сенбілік барысында кент көшелерінің бірінде орналасқан үйдің жиегін күл-қоқыстан арылтып жатсақ, әлгі үйдің келіні құлағында қалта телефоны терезеден басын шығарып, бізге қарап шемішкесін шағып, әңгімені соғып тұр дейді. “Сонда біз не істеп жатырмыз?” деп қынжылады жаңағы әріптесім, рас қой. Атқарылған тазалық жұмыстарына түсіністікпен қарайтындар да бар әрине. Тағы бір сенбілік жұмыстары барысында ауласының сыртын орталық аурухана ұжымы тазалауға кірісіп жатқан жерінен ауданға белгілі жазушы ағамыз алғысын айтып, шығарып салды. “Мен өз ауламның тазалығына өзім жауаптымын” деп, үйдегі еңбекке жарап қалған кішкентайларымен қызу жұмысқа кірісті де кетті. Осы тұста мені бір сауал мазалайды. Сонда өз ауламыздың тазалығына осындай жауапты болу үшін міндетті түрде жазушы не ақын, яки руханият төңірегінде жүрген біреу болуымыз керек пе, сонда біздің тазалық хақындағы ішкі түсінігіміз қайда? Ойланайық...
Әлгіндей жандар ауласын бағбанға айналдырған Қаршыбек сынды қарияларымыздан үлгі алуымыз керек. Бұл тұста біз ешкімге өз аулаңды жеміс ағаштарына толтыр деп міндеттемейміз, тек тазалыққа басымдық берсек те, соның өзі жетіп артылады.

Айтпақшы Мақпалкөлге барған сапарымызда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы және Жалағаш ауданының мәслихат хатшысы біз барған үйге келіп жатыр екен. Мақсат қарияны Ұлы Жеңістің 76 жылдығы және Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің сый-сыяпатын табыстау екен. Алдыңғы буын бағбанға лайықты құрмет көрсетті. Ал біз осы кісінің осынша жұмысынан үлгі алсақ, соның өзі құрмет болар еді.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ