» » САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ

САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ

Бұрынғы бабаларымыз мың бір бәледен осы бір ауыз сөзбен-ақ сақтаныпты. Расында, Жаратушының өзі сақтансаң ғана сақтаймын дейді ғой. Адам баласына өмір беруші Алла болғанымен, өзіне берілген аманатты сақтау әр пенденің өзінің қолында екен. Ендеше, осы сөзді қазіргі қиын жағдайда қоғамдық орындардың барлығына іліп қойсақ та артық болмас еді.

Пандемия басталғалы адамзат баласының қаншасы ауа жетпей ала­сұрып, ажал құшты. Әлем ел­дері бұл жұқпалы індеттен қор­ға­нудың, құтылудың барлық амал-айласын, сақтық шараларын жасап, жанталасып бағуда. Ал біз әлі бейқамбыз. Қарапайым карантин та­лаптарын да сақтамаймыз. Қоғам­дық орындардағы, көшедегі, сауда орталықтарындағы адамдардың көбі бетпердесіз жүр.

Шүкір, жағдай былтырғыдай емес қой. Кез келген дәріханалардан қол­жетімді бағаға бетперде сатып алу мүмкіндігі бар. Бірақ сол баяғы қамсыздыққа салынып, оның соңы өкінішке ұрындырып жатыр.

Теледидардағы жаңалықтарға, әлеу­меттік желі беттеріне қазанама мен көңіл айтулар сағат сайын шығып жатыр. Оған да селт етпейтін болып алдық. Ауруханалар толып қалды. Тіпті кешелі бері Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы мәйітханалар да толды деген ақпараттарды ес­тіп, жанымыз түршігіп отыр. Осы­лар­дың барлығы біздің карантин талаптарын сақтамағанымыздан, өз өмірімізге және жақындарымыздың, туған-туысымыздың, бірге жүрген дос­тарымыздың, әріптестеріміздің, ең бастысы, балаларымыздың ден­саулығы мен өміріне салғырт, бей-жай қарауымыздың салдарынан орын алуда. Әрине, қара аспанды төн­діріп, халықты үрейлендіріп отыр­ғаным жоқ. Тек "індет деген жоқ, бұл мемлекеттің саясаты" деген сан­дырақпен жұртты үгіттеп жүрген екпе салдыруға қарсы адамдар да көбейіп келеді және сол сөздерге алданып жүргендердің де қарасы қалың қазір. Оларға осы індетке шалдыққан адам ретінде: бос сөзге еріп, өкінішке қалмаңыздар, барынша сақтаныңыздар, жақындарыңыздың өмірін сақтаңыздар дегім келеді.

Бұл індеттен құтылудың бір ғана жолы – екпе алып, ауруға қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру. Бұл сөзді мен емес, әлемдегі ме­дицина саласының білікті ма­ман­да­ры мен аты әйгілі ғалымдар ай­тып отыр. Ендеше, бейқамдықтан арылайық, ағайын! Жұқпалы індетті тек сақтық шаралары арқылы ғана жеңе аламыз.

Нұржан Алдамбергенов,
пневмонияға шалдыққан науқас,
Таң ауылының тұрғыны


17 тамыз 2021 ж. 185 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930