» » «Тәуелсіздік – тұғырым!»

«Тәуелсіздік – тұғырым!»

Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Бүгін жас ұрпақтың оқу сауаттылығын қалыптастыру мақсатында аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Тәуелсіздік – тұғырым!» тақырыбында оқушылармен онлайн кездесу болып өтті. Аталған жиынға «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Қаншагүл Мұстафаева, «Мәдени мұра» БПҰ төрағасы, мәдениет және тілдерді дамыту орталығының сектор меңгерушісі Бибіасия Дүйсенбиева және «Дарын» БПҰ хатшысы, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Пазылбекова Арайлым қатысты. Жалпы бұл кездесу ағымдағы жылдың сәуір айында болған сайыстың жалғасы. Яғни, ол кезде оқушылар минутқа оқудан өзара сайысқа түскен болатын. Сайыс қорытындысы бойынша әрбір оқушыға ертегі кітаптар табыс етілді. Бүгінгі кездесу сол ертегі кітаптар бойынша оқушылармен тілдесу. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған кездесуде оқушылар өздерінің оқыған ертегі кітаптарын айтып шықты. Ертегі кітаптарды талқылау мақсатында оқушыларға сауалдар қойылып, еркін пікір алмасты.

Онлайн форматта өткізілген кездесуде Қаншагүл Шоңмұрынқызы жас білім алушыларға оқушыларға тиісті үй тапсырмаларын берді. Яғни, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында қаржылай сыйақы болатынын жеткізді. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылатын кездесуде оқушыларға 30 ертегі оқу тапсырылды.

Жас білім алушылар келесі болатын кездесуді асыға күтетінін және айтылған тапсырманы орындайтындықтарын жеткізді.
24 қыркүйек 2021 ж. 473 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930