АРДАГЕРЛЕР — АЛТЫН ТҰҒЫР
Ардагерлерді құрметтеу – баршамыздың парасатты парызымыз. Біле білсек, бүгінгі бақытты өмірге жеткеніміздің өзі – сол аға ұрпақтың, ардагерлеріміздің арқасы.
Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев “Ардагерлеріміздің, аға ұрпақ өкілдеріміздің еңбегін айтып жеткізу қиын. Ардагерлеріміздің жастық шақтары Ұлы Отан соғысының сұрапыл кезеңімен қатар келді. Бүлінген шаруашылықтарды қалпына келтірді, күйзелген елдің еңсесін қайта тіктеді, өз иықтарына түскен ауыртпалықтың бәрін абыроймен жеңе білді”- деген болатын. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек.
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында бүгін Жалағаш аудандық маслихат депутаты, «Аққұм ауылдық округі» БПҰ төрағасы Айтжанова Гүлжайна Айтжанқызы Аққұм ауылының ардагерлерінің үйлерінде болып өз сый-сияпаты мен қоса «Жас Ұлан» ұйымы және партия мүшелерін ұйымдастырып үй жақтарына қол көмек жұмыстарын ұйымдастырды.
Қорыта келе, бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан өнеге алып, бой түзеп келеді. Отансүйгіштіктің хас үлгісін көрсеткен ардагерлеріміздің еңбегі мен ерлігі ел жадында мәңгі болмақ.
#канвассинг
#ArdagerNurOtan
#NurOtanJalagash