ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ – БҮГІНГІ ҰРПАҚ
Тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға өмірін арнаған ата-бабаларымызды тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлға ретінде ардақтап, олардың рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткіздік. Ұлтының өткен тарихын құрметтеп, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың борышы десек болады. Өйткені ұрпақ тәрбиелеу – бүгіннен басталатын ұлы іс.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі уақытта көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл – Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың парасаттылығының, көреген саясатының нәтижесі. Тәуелсіздікке жету жолында табанды еңбек еткен, еліміздің алғашқы тегеурінді тірліктерінің бастамашысы бола білген, Қазақстанның шекарасын бекітіп, азаттығының мәңгілік болуына тілекші болған кемеңгер тұлға, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін атап өтпеу мүмкін емес. Ол кісінің тарих толқынындағы саяси ерлік істері, бірегей тұлға, көшбасшы ретіндегі бастамалары ел жадында, тарихтың алтын беттерінде сайрап тұр. Жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында кемеңгерліктің үлгісін көрсете отырып, халыққа пайдалы, қоғам үшін тиімді істерге жол аша білді.
Тәрбиенің жалпы негізі рухани-адамгершілік құндылықтары болуы керек. Рухани-адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына даритыны белгілі. Сондықтан әрбір мұғалімнің басты мақсаты – өзіндік рухани-адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды рухани-адамгершілікке, азаматтық жүйеге тоғыстыру.
Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, рухани адамгершілік әдетке, азаматтық мәдениетке баулу керек. Бұл ретте ата-ана тәрбиесінің өзекті екенін айтпай кетуге болмайды. “Бала – ата-ананың айнасы” десек, ендеше ұрпағымызды тәрбиелеуде өзіміздің болмысымызды жоғалтпаудың маңыздылығын түйсінуіміз керек.
«Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, – қаларсың ұятқа» деген бірауыз сөздің де астарына үңілуді әдетке айналдырған жөн. Баланың қалыптасуына, дұрыс дамуына өскен ортасының да әсері орасан. Сондықтан баламен байланыста оның ортасын, айналасындағы әсер ететін факторларды да аңғару маңызды. Бұл жердегі мәселе түптеп келгенде ата-ана мен баланың арасындағы байланыстың үзілместей болуында жатыр.
Жалпы рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі ретінде қабылдауымыз керек. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер де осы заман талабына сай қайта құруды міндеттейді. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім, саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың сөзіне сүйенсек, рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Үштілділікті меңгерген адам ештеңеден ұтылмайды. «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деп Абылай хан айтқандай, біздің ендігі мақсатымыз – дамыған 30 елдің қатарына ену. Ендеше болашаққа бұлыңғырсыз аяқ басу үшін тарихымызды дәріптеп, басты құндылық – тәуелсіздігімізді бағалауға тиіспіз.

Бақытжан Жүнісов,
Ілияс Қабылов атындағы №32 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары