» » Туған жерін түлеткен

Туған жерін түлеткен

Қазір жергілікті шаруашылық төрағаларының туған жерін түлетуге атсалысып жатқаны бізді қуантады, әрине. Әсіресе өңірдің өрісін кеңейтіп, ауылды абаттандыру бағытында серіктестік басшылары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар Еңбек ауылында анық байқалады.

“Еңбек-Жер” ЖШС төрағасы Шакизатхан Ысқақов бұған дейін ауылдың үстімен өтетін үлкен жолға жарық бағаналарын орнатып, елді мекен ішінен бірне­ше балалар ойын алаңын салуға қолғабыс етті. Қазір Аққошқарда ауылдың ажарын айшықтап, елдің әлеуетін арттырар барлық жобада жомарт жанның қолтаңбасы бар десек, қателеспейміз.

Шакизатхан Ысқақовтың бір ғана шаруашылықпен бүтін бір ауылдың қажетіне жарап, өңірді өркендету жолында жарқын жобаларды қолға алғаны кейінгі буынға үлгі болары анық. Әр жылдардағы күзгі нау­қанның уақытында шаруашылықтағы дала дарабоз­дарының еңбегін лайықты бағалап, олардың әлеу­мет­тік жағдайына да көңіл бөлген атпал азаматпен мақтанамыз.

Бір қуантарлығы туған жерге тағзым етіп, елдің алғысын алуды көздеген ауыл жанашырының Еңбекте жүзеге асырар жұмыстары жалғасын тауып келеді. Кейін жергілікті халыққа арзан бағада өз өнімін ұсынатын арнайы сауда орталығын салды. Қазір ауыл тұрғындары той-томалақ, құдайы ас секілді отбасылық дәстүрлі шараларды өткізу үшін бұрынғыдай аудан не облыс орталығына сабылмайды. Себебі мұндай шараларды өткізетін бізде де жаңа тойхананың зәулім ғимараты бар. Оның да құрылысының қалануына Шакизатхан ағамыз қыруар қаржы бөлді.

“Ауылына қарап азаматын таны” деген қазақта қанатты сөз бар. Осы бір мағыналы сөздің мәніне терең үңілген Шакизатхан Ысқақов туған жерге тағзым етуді жадынан шығармай, көпшілдігімен көптің алғысына бөленіп келеді. Жуырда ауылдағы Т.Дәуітбаев атын­дағы орталық көшенің бойында орналасқан қосқабатты 4 үйдің шатырын жаңартып, сыртын әрілеу жұмыстарын да жеке қаражатымен жүзеге асырды. Мұнан бөлек Қ.Адаев көшесіндегі 5 үйдің қоршауын заманауи үлгіде жаңартып, дарбазасын орнатып берді. Қартын қазынаға балаған ауыл баласы ардагер Қ.Бекниязов атамыздың да жаңадан бой көтерген тұрғын үйінің шатырын орнатып, ақсақалдың батасын алды. Ауылын абаттандыруды және жерлестеріне қолғабыс етуді дәстүрге айналдырған Шакизатхан ағамызбен мақтанамыз. Алла ісіне береке бергей.

Қайролла Қалданов,
Еңбек ауылының әкімі


21 желтоқсан 2021 ж. 344 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930