» » Дәрігерлік емханаға ИВЛ аппаратын тарту етті

Дәрігерлік емханаға ИВЛ аппаратын тарту етті

Бұған дейін Шакизатхан Ысқақовтың туған жеріне жасап жатқан жақсылығы төңірегінде бірнеше рет айтқан едік. Ауыл шаруашылығы саласында өзіндік қолтаңбасы бар төраға жақында Жалағаштағы ақ халатты абзал жандарға 2 млн теңге сыйақы үлестірген еді. Ал бүгін өзінің туған жері Еңбек ауылындағы дәрігерлік емханаға «Еңбек-Жер» ЖШС төрағасы тұрғындардың қажеттілігіне пайдалану үшін 720 мың теңгеге ИВЛ, яғни адамдарды таза оттегімен қамтамасыз ететін аппарат алып берді. Мұнан бөлек ауыл жанашыры емхана фельдшері Руслан Бисенбаевқа осы уақытқа дейін тұрғындарға жанашырлықпен қызмет көрсеткені үшін 100 мың теңге сыйақы табыстады.

Айта кетейік, Шакизатхан Ысқақов осыған дейін Еңбек ауылының көркейіп-гүлденуіне айтарлықтай атсалысқан болатын. шаруашылық төрағасы ауылдың абаттануынан бөлек халықтың да әлеуетіне аса көңіл бөліп отыр. Мәселен, алтын күз мерекесі қарсаңында өткен жылы шаруашылық еңбеккерлеріне 72 млн теңгенің сыйақысын үлестірген болатын. Ал бүгінгі игі шарасы қазіргі елдегі ахуалды қалпына келтіруге айралықтай үлес болары сөзсіз.
24 шілде 2020 ж. 468 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30