Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Қоғам байлығы адам болса, адам байлығы денсаулық. Ертеден ата-бабамыз осы себеппен «Ақ жаулық» пен «Он саулықты» ысырып тастап, денсаулықты дәріптеген. Алайда ата-баба қалыптастырған жолдан тайып, арандатушыларға еріп болашағына балта шауып жатқан жастар жетіп жығылады. Бүгінгі күні нашақорлық еліміздің ғана емес, әлемді алаңдатып отырған үлкен мәселе. Бұл жағдай кез келгенімізді алаңдатпай қоймас.
Нашақорлық қазіргі уақытта жастар арасында кеңінен таралуда мұның себебі деп. Басты себебі жастардың қиындықты осы жолмен шешкісі келуінде. Бір жағынан қарап отырсақ есірткі адам психикасын, санасын, әлемге көзқарасын, тәртібін өзгертеді.Бұл адамның есірткіге тәуелді болуын қалыптастырады. Жасөспірімдік кездің басты сынағыда осы біреудің ықпалына көну, сыртқы тараппен келіспеушілік, депрессия осының барлығы адамды түптің-түбінде нашақор етіп шығарады.
Есірткіге оңаша берілмес үшін салауатты өмір салтын ұстану керек.Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті адам тәрбиесінде жаңаша көз қараспен қараймыз. Қазір қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар болашақтың тірегі болатын. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Адам есірткіге тәуелді болмас үшін өз-өзіне сенуі қажет. Сол себепті адамдар денсаулығына немқұрайлы қарамай,есірткіден аулақ болуы керек. Өмір-өмір сүру үшін берілді. Сондықтан да ел ертеңі жастардың яғни біздің қолымызда.
Сондықтан өзімнің құрдастарыма, келер жастарға айтарым бүгінгі таңдау сенің ертеңгі болашағың, өз өмірің өз қолыңда. Нашақор болу бұл өмірдегі ең үлкен қиындық деп есептеймін, сол себепті дұрыс жолда болуды таңдағаның өзің үшінде өзге үшінде аса маңызды.
Аружан Серік
Ш.Ермағанбетова атындағы
246 орта мектептің 9 «А» оқушысы
Жалағаш ауданы