» » ӨЗ ӨМІРІМІЗГЕ БАЛТА ШАППАЙЫҚ

ӨЗ ӨМІРІМІЗГЕ БАЛТА ШАППАЙЫҚ

Есірткі – адам баласының қас жауы. Жалпы есірткі деген сөздің өзі әуестік деген ұғыммен шекаралас. Ол – білместікпен жасалатын, соңы үлкен ауруға әкелетін ауыр дерт. Оған тәуелділік жасөспірімдердің арасында да кездеседі. Осы жастағы жасөспірімдер әлі оң-солын танып білмегендіктен, таңсық дүние болып көрінеді. Жай ғана қызығушылықтан басталған бұл әдет кейін тәуелділікке ұласады. Осылайша бір тағдыр қараңғылыққа қадам басып кете барады.

Жалпы жасөспірімдер есірткінің қаншалықты қауіпті екенін жете түсініп жатпайды. Алайда, бұл сонау Геродот өмір сүрген жылдан бастап-ақ зиян екені дәлелденіп қойғанын білмейді. Есірткінің зиян екені соншалық адам денесі оны қабылдаған сәттен бастап-ақ жансыздана бастайды екен. Аяқ-қолдың еріксіз қозғалуы, ақыл-естің ауытқуы, ұмытшақтық пен есерсоқтықтың белең алуы осының әсерінен болады. Есірткі көздің нашар көруіне, құлақтың ауыр естуіне де әкеп соғады. Адам ол кезде өзін басқара алмайды, дененің шамадан тыс әлсіреуіне дейін барады. Түрлі зорлық-зомбылық, құқық бұзушылықтардың барлығы осы есірткіден бастау алады. Қаншама қылмыс, мәселелер артында есірткі тұрады.

Есірткінің құрамына назар аударсақ та оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін ұғынамыз. Ол – химиялық тұрғыдан өте улы зат. Ал осыны білген адам, әсіресе жастар, жасөспірімдер бір сәттік сезім үшін ағзасын уламауы керек. Бұл адами тұрғыдан алғанда өзімізді өзіміз құзға итергенмен бірдей.

Өкінішке орай, қазақ қоғамында есірткі тұтынатындар қатары аз емес. Олармен күрес – күн сайынғы күн тәрті­біндегі мәселелердің бірі. Жарқын болашақ тек жарқын өмірге деген нық қадаммен келеді. Ол білім алудан, жақсылыққа жақын болудан, адалдық пен адамгершілікті қағида етуден және ең бастысы алға белгілі бір мақсат қойып, сол арқылы нәтижеге жұмыс жасаудан басталады.

Жастар осыны түсінуі қажет, өз келешегіне өзі қастық қылмауы керек. Бізге қазірден бастап саналы азамат, үлгілі тұлға ретінде қалыптасқан дұрыс. Осы сәтте өз тағдырымыз өз қолымызда. Ата-ана үмітін ақтай алатын, қоғам болашағына жанашыр болатын, бәсекеге қабілетті маман болу да өзімізге байланысты. Есірткінің ешқандай қиындықтан алып шықпайтынын білу керек. Қайта біз, жастар есірткі тұтынсақ, жақсы өмірімізге өз қолымызбен қиындық әкелетінімізді жете түсінуге тиіспіз. Есірткіге тәуелділікті біз бірге жеңеміз, өз өмірімізді сапасыз дүниелерге құртпайық, достар.

Инабат Ысқақ,
Т.Жүргенов атындағы
№123 мектеп-лицейдің
7 сынып оқушысы
01 ақпан 2022 ж. 241 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930