МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін «АMANAT» партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері аудан орталығындағы «Өзгерістер жолы:әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында қамтылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар мен Жалағаш кентіндегі спорттық сауықтыру кешенінің құрылысына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық Жол картасына сәйкес «Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету» мақсатында бұрын салынған әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді етіп бейімделуі бойынша арнайы мониторинг жүргізілді. Мониторинг жұмыстары барысында қалпына келтіруді қажет ететін және стандарттық талапқа сай келмейтін нысандарға партия тарапынан түсіндірме жұмыстары жүрігізілді.
Жалағаш кентінен спорттық сауықтыру кешені құрылысын салуға республикалық бюджеттен 2021 жылы "Ауыл - ел бесігі" жобасы тиісті қаражат қарастырылған. Қазіргі таңда Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде «СКЗ Инжиниринг» ЖШС ұтып алып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты «АMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасында көзделген бұл нысан 2022 жылы пайдалануға беруге тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аталған мониторинг жұмыстарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихат депутаты А.Кенжебаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Б.Жүргенбаев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы С.Алиев және партиялық бақылау комиссиясының жауапты хатшысы А.Ахметжамиев қатысты.