» » ҚОҒАМ ДЕРТІ ДЕНДЕМЕСІН ДЕСЕК...

ҚОҒАМ ДЕРТІ ДЕНДЕМЕСІН ДЕСЕК...

Жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі » Толқын - Арал аудандық қоғамдық-саяси  газетҚазіргі қоғамда көбіне мемлекеттік қызметкерлер арасында заң талабы сақталмай, құқық бұзушылықтар орын алып жатады. Солардың басым көпшілігі сыбайлас жемқорлыққа қатысты.

Сыбайлас жемқорлық — мемлекет қазынасына заңсыз қол сұғу немесе қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, жеке тұлғадан пара алып, ашықтан-ашық халықты қанау. Сыбайлас жемқорлық — қылмыс. Ал, қылмыстың өтеуі — жаза.

Мемлекет тәртіпті қатайтып, талапты күшейткенімен құлқынның құлына айналған тоғышар тобырлардың жең ұшынан жалғасып, мемлекет қаржысын қымқыру әрекеті тиылмай отыр. Жемқорлықтың жолын кесіп, түп тамырымен жұлып тастау үшін не істеу керек? Қазірде біздің қоғамды толғандырып отырған мәселе осы! Және бұл қоғамдық "кеселді" тек билік өкілдері мен құзырлы орындар ғана емес, халық болып қарсы тұрғанда ғана жеңеміз. Ол үшін әр адам өзінің ішкі мәдениетін қалыптастыруы керек. Бүгінгі мектеп оқушысы — ертеңгі мемлекеттік қызметші. Сондықтан біз жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді отбасынан, мектеп қабырғасынан бастауға тиіспіз және ол жүйеленуі керек. Отбасынан, мектеп қабырғасынан бойына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіріп, адами тұлғасы толық айшықталған балада орнықты мінез-құлық, парасатты болмыс, пайымды ой қалыптасады. Ал, отанын сүйіп, елін-жерін құрметтейтін ұрпақ мемлекет қазынасын тонамақ тұрмақ, шаңның тозаңындай да залал келтірмейді. Яғни, елін сүйетін адамда ынсап, қанағат болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында "Жаңа Қазақстанға" қадам басатынымызды айтты. Біз бұл тұрғыда Президентті халық болып қолдаймыз. Өйткені, біз құратын "Жаңа Қазақстанда" сыбайлас жемқорлықтың сипаты мүлдем болмауы керек. Мемлекет басшысының Жолдауындағы жүзеге асуы тиіс міндеттердің барлығы демократиялық жолмен дамып, өркениетке қарай бағыт бұрған елімізде бұқара халықтың құқықтық сауаттанып, рухани кемелденуге бастайды. Ал, ондай елде көз қысты, бармақ бастылық орын алмайтыны белгілі. Бізді алға жетелейтін сенім күші де осында.

Мадина ТҰРСЫНБАЕВА,
Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасының бас маман бас-қазынашысы.
21 мамыр 2022 ж. 78 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031