Тазалыққа тұрғындар да жауапты
Аптаның алтыншы күні аудандық редакция ұжымы үшін сенбілікпен басталды. Кенттің көркеюіне тамшыдай болса үлесіміз тисін деген оймен ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, ағын су бармай қалған арықтарды тазаладық. Жалпы, адам баласы қаншалықты еңбектенсе, оның зейнетін көретіні анық. Өткен сенбіліктерде отырғызған қалемшелеріміз түгелдей көктеп тұр. Енді ағын судан тапшылық болмаса, олар да айтарлықтай күтімді қажет етпейді. Түске дейін тазалыққа ден қойып, кенттің басқа да көшелерінде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын білу үшін орталықты бір барлап қайттық.Алдымен биыл аудан көлемінде 120 жылдық мерейтойы аталып өткелі жатқан Темірбек Жүргенов атындағы көшеге атбасын бұрдық. Ұлт жанашыры атындағы көше бойында өтіп жатқан сенбілік көпшілікке үлгі болардай. №201 орта мектеп ұжымының табиғатқа деген жанашырлығын ісінен-ақ айқын аңғарарсың. Су бармай қалған көше арықтарын қазып, бойына қалемше отырғызған олар кенттің көркеюіне үлес қосып жатқанына риза.
– Тұрып жатқан өлкенің тазалығы алдымен өзімізге байланысты. Сондықтан оған баршамыз жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Өткен аптада аудандық басылымнан тазалық жұмыстарының тағы да бір айға созылғанын оқып, сенбілікке қайта шықтық. Бұл – дұрыс шешім. Себебі, кент орталығында әлі де көркейту-көгалдандыру мақсатында жасайтын жұмыстар жетерлік. Біз атқарылмаған істің сыртынан қарап аяқ тартпауымыз керек. Керісінше, мекеме ұжымы, жалпы тұрғындар болып бір кісідей атсалыссақ, шешілмейтін мәселе жоқ. Сондықтан бұл тазалық жұмыстарына баршамыз жұмыла кірісуіміз керек. Бүгін қоғам қайраткері атындағы көшеде сенбілік өткізудеміз. Мұны біз атпал азаматтың биылғы 120 жылдық мерейтойына кішкене де болса тартуымыз деп есептейміз. Әрбір жеке тұрғын өз ауласының тазалығына жауапкершілікпен қараса ешқандай мәселе де болмас еді. Сондықтан барша аудан тұрғындары тазалыққа бір кісідей атсалысуды ауласынан бастаса игі іс болар еді, – дейді мектеп директоры Талғат Садықов. Мекеме ұжымының бұл сөзінің ісіне сай екеніне біз де көз жеткіздік. Көше бойында бар ынтасымен еңбек етіп жатқан ұлағатты ұстаздардың ісі кейінгі ұрпаққа үлгі болардай. Сонан соң келесі көшеге табан тіредік. Мұнда да сенбіліктің қарқынды өтіп жатқанына көз жетті. Тағы да №201 орта мектептің азаматтары. Бұл жолы мұғалімдер емес, оқушылардың өзі сенбілікте жүр. Аймақ тазалығына үлес қоспақ ниетпен шәкірттер білім ошағы басшысынан өздері рұқсат сұрапты. Міне, осындай жастардан кейін нағыз туған жеріне, еліне жанашырлықпен қарайтын азаматтың шығары сөзсіз. Көше бойын сыпырып, арықтарды қоқыстан арылтқан жастар табиғатқа қамқорлық қажеттігін айтады.
Жалпы дәл осы күні сенбілікке шыққан мекемелер ұжымы шама-шарқынша тындырымды іс жасаған. Бірақ, бұл жолы бізді кент тұрғындарының кейбірінің табиғатқа бей-жай қарайтыны қынжылтты. Мәселен, бір көшелерде ағын су өтетін арықтар қоқыстан тазартылмаған. Үлгергенінше мекемелер арықтарды қоқыстан арылтып әлек. Бірақ, бір тұрғынның өз үйінің тұсындағы арықты тазартып жатқанын аңғармадық. Тіпті, кейбір көшелердегі ағын су өтетін арықтар жермен бірдей болып кеткен. Олардың қоқыстан тазартылмағанын сөз қылып отырмыз-ау, үйінің тұсындағы арық жолын жапқан тұрғындар да бар болып шықты.
Рас, тазалыққа тастай талап керек. Бірақ осыны әрбір азамат сезінуі тиіс. Кейбір тұрғындар құрылыс жүргізу үшін топырақ пен жемтік тастарды ауласына түсірудің орынына жол жиегіне үйіп қойған. Шындап келгенде мұның өзі көшенің сәнін кетіреді. Кенттің тазалығына келгенде біз неге құлықсыздық танытуымыз керек? Бір көше қоқыстан арылмаған, бір көше суға жарымайды. Осындай олқылықтарды көргенде әлгі сенбілікте жүрген оқушылардың жүзіне қарауға да ұяласың. Үлкендер жастарға үлгі көрсетуіміз қажет етеді. Мынаған қарап кім кімге үлгі болып жүр деген ойға келдік. Мұндай жайттар тек жеке үй аулаларында ғана емес, әлеуметтік нысандар маңында да байқалды. Мәселен, «Кәусар» балабақшасы да ауласына емес, көше жиегіне жемтік үйіп қойған. Қаншама ел болашағын қалыптастыратын бала тәрбиелеп отырған мекеме басшысы мұның кент көшесінің сәнін кетіретінін білсе дейміз. Бірқатар көше бойындағы осындай олқылыққа қынжылып қайтып бара жатқан едік. Жол бойы терезеден адамдар серуендейтін саябақта малдың жайылып жүргенін көзіміз шалды. Бұған не дейсің... Басылымның өткен санында ғана «Орталық алаң жайылымдық жер емес» деген тақырыппен ардагерлердің жанайқайын жеткізген едік. Бұл жайт сол қариялардың сөзін жоққа шығармады.
Жалпы тазалық өзіміз үшін қажет. Сондықтан әрбір жеке тұрғын біркісідей атсалысса, айтарлықтай мәселе де болмайды. Аудан имамынан есіткен бір ғибратты әңгімеміз бар еді. Сөзімізді сонымен қорытындылағанды жөн көрдік.
Ертеде жұмыстан шаршап келген әкесіне кенже қызы «әке, мені балалар ойнайтын алаңға апаршы» деп қолқа салады. Аса құлқы болмай отырған әкесі бетінде жердің картасы бар газетті майдалап жыртып тастайды да «осы газетті бұрынғы қалпынша құрастырып жинап шықсаң, балалар ойнайтын алаңға апарамын» деп уәдесін береді. Бір уақытта бала газетті дәл бұрынғы қалпынша жинап шығады. Таңғалған әкесі «мұны қалай жинадың» деп сұрайды. Қызы газеттің екінші бетінде адамның суреті барын айтып, адамды бұрынғы қалпына келтіргенде келесі беттің де өз қалпынша шыққанын айтады. Сонда әкесі «адам түзелсе, жердің беті де түзеледі екен ғой» деген ойға келеді.

Кенжетай БАЛҒАБАЙ.