«ЖАС ҚАНАТТАН» ҚАНАТТАРЫ ҚАТАЙДЫ
Тәуелсіз елдің ертеңгі болашағы – бүгінгі бала. Сондықтан еліміздегі әрбір баланың денсаулығы, өмірі, әлеуметтік жағдайы, тәрбиесі тек ата-ананың ғана емес, мемлекеттің назарында тұр. Әсіресе, баланың болашақта толымды тұлға болып қалыптасуына жас кездегі берген тәрбиенің ықпалы зор. Сол себепті мемлекет бүгінде мектепке дейінгі тәрбие ошақтарының жұмысын жандандыруды қолға алды.
Аудан орталығындағы «Жас Қанат» балабақшасының да қанаты қатайып келеді. Аталған тәрбие ошағында қазірде 5 топта 125 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Күн сайын бүлдіршіндердің шат күлкісімен нұрланып тұратын бұл жердегі тәрбиешілер мен тәрбиешінің көмекшілері, ән-әуез, ағылшын, денешынықтыру сабақтарының мұғалімдері, балалардың денсаулығына жауапты мейірбике мен аспаздар және тазалыққа жауапты мамандардың барлығы да өз ісінің нағыз шеберлері.
Жуырда ғана «Жас Қанат» өзінің қанатының астынан тағы бір топ бүлдіршінді мектеп өміріне аттандырды. «Балдәурен» ересектер тобының балабақшамен қоштасу кеші өтті. «Оскардың жарық жұлдыздары» деп аталатын қоштасу кешінде кеше ғана аяғын апыл-тапыл басып келген былдырлаған бөбектер бүгінде балабақшадан көп нәрсе үйреніп, өнерлі де ақылды бүлдіршінге айналып, мектепке бет түзеді. Сахнада мың бұралып би билеп, тамылжыта ән шырқап, тақылдап тақпақ айтқан бүлдіршіндердің бал-бұлақтай таза дауыстары ата-аналардың көңілін көтерсе, олардың аз уақыттың ішінде сахнаны меңгерген актерлік қабілеті де көрерменді тәнті етті. Кеш барысында «Білім ханшайымы» мектеп табалдырығынан аттағалы тұрған балдырғандардың балабақшадан алған білімін тексеруі үшін оларға сауат ашу әлеміндегі әріптер мен дыбыстарды, дыбыстардың қаншаға бөлінетінін, дыбыстан не құралатынын, буын, сөз, сөйлемнің қандай қызмет атқаратынын сұрап, математикалық жұмбақтар жасырды. Өз кезегінде бүлдіршіндер тәрбиешілердің қойған сауалдарына жарыса жауап беріп, білімге, үйренуге деген құштарлығымен сүйсіндірді. Кеш соңында әр бала өздеріне тәрбие беріп, өнерге баулыған, денсаулықтарын қадағалап, құнарлы да, дәмді тамақтар ұсынған апайларына деген алғыстарын бір-бір шумақ тақпақ-өлеңдері арқылы жеткізді. Сондай-ақ, «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері өздерінің бейімділігіне қарай «Балабақша сүйкімділері», «Спорт белсенділері», «Мен бәрін білгім келеді», «Білгіштер», «Жұлдызды әртіс», «Болашақ ғалымдар», «Балабақша бишілері» және «Жас суретшілер» номинациялары бойынша марапатталды. Аталған топтың тәрбиешісі Жансая Нұрғали бірнеше жылдан бері балалармен етене жұмыс жасап келе жатқан педагогикалық тұрғыдан біліктілігі жоғары жас маман. Балалардың психологиясын меңгерген тәжірибелі тәрбиеші. Сонымен бірге балабақша меңгерушісі Айжан Айтбаева және ұйымдастырушы Ғайни Тілеулиева, «Балдырған» тобының тәрбиешілері Гүлмира Жұмабекова, Нұртолқын Амандықова және көмекшісі Гүлмира Ибраева, «Күншуақ» тобының тәрбиешілері Гүлзинат Беркінбаева, Назерке Ізен, көмекшісі Мархабат Асқарова, «Ботақан» тобының тәрбиешілері Анар Жүсіпбекқызы, Мөлдір Алматқызы, көмекшісі Жанар Бисенова, «Балапан» тобының тәрбиешілері Айзада Үмбетова, Айтолқын Бақтиярқызы, көмекшісі Гүлнәр Ахметова сондай-ақ, «Балдәурен» тобындағы тәрбиешінің көмекшісі Венера Қожахметовалар ұрпақ тәрбиесі жолында тынымсыз еңбек етіп келеді.

Қ.АХЕТОВ.