» » ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ НЕГЕ «ЖАСЫРЫНЫП» ТҰР?

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ НЕГЕ «ЖАСЫРЫНЫП» ТҰР?

Жамал апамызды қартайтқан «Алтай» әні болса, бізді шаршатқан осы тақырып. Сол баяғы кент орталығындағы көше қозғалысының ретсіздігі мен жол белгілеріне байланыс­ты бітпейтін «жырды» тағы жариялап отырмыз. Бұл аудан қазынасынан қыруар қаржыны қажет ететін күрмеуі шешілмейтін мәселе емес, тиісті мекемелердің салғырттығының салдарынан орын алып отырған олқылық.
Кешегі ыстықтар «көше көмекшілеріне» де қатты әсер еткен сияқты. Бұл жолы біз орталық базар маңы мен автовокзал айналасындағы «аласапыран» аймақты айналып өтіп, көше бойындағы талдарды «көлеңкелеп» тұрған жол белгілерін жазуды жөн көрдік.Тақымдарына темір тұлпар тисе есіріп кететін кейбір жүргізушілер жол ережесіне бағынбай ойқастап жүріп «от басады», ал, енді біреулері мына суреттегідей тасада «тығылып» тұрған немесе бетіндегі таңбасы жауын-шашын мен күннің сәулесінен өңіп кеткен тыйым белгілерін байқамай қалып, жол ережесін бұзып жатады. Алғашқысын, заңға пысқырып та қарамайтын көлік иесінің есерлігіне тели салуға болар, ал, бірақ, соңғысына жүргізуші кінәлі емес енді...
Басқасын айтпағанда, бір ғана Абай көшесі бойындағы жол белгілеріне байланысты келеңсіздіктердің өзі-ақ жол-көлік оқиғаларына себеп болуға жетіп жатыр. Тек, жамандықтың бетін әрмен етсін дейік. Мәселен, осы көшенің бойындағы «Жас қанат» балабақшасының тұсында жаяу өтпе бар, белгісі де тұр, бірақ, ол жүргізушіге алыстан андағайлап көрініп тұрған жоқ және бұл жерде жаяу жүргіншілерге арналған жолақ сызықтар да жоқ. Қауіптісі сол, аталған балабақшаның ойын алаңқайы қарсы беттегі саябақтың ішіне орналасқан, балабақша бүлдіршіндері бой сергіту сағатында көшені күніне екі мәрте кесіп өтеді. Сондай-ақ Абай мен Қыстаубаев көшелерінің қиылысындағы жол белгілерін ағаш жапырақтары қалқалап көрінбей қалған.
Жол белгілері көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында қойылады емес пе?! Олай болса, көше көмекшілері «көлеңкеден» шығып, өз міндеттеріне кіріскені жөн, өйткені ми қайнатқан аптап ыстықтың беті біршама қайтты.
Айтпақшы, кейбір көлеңкесі жоқ көшелердің бойындағы жол белгілерінің «қалпақтары» қайырылып қисайып тұр, ал, кейбіреуі бастарынан «күн өтіп» жерде сұлап жатыр...

Қуат АДИС.
17 шілде 2018 ж. 1 362 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930