Тумысы бөлек тұлға
I.
Өмiрде небiр қызықты жағдайлар болып жатады. Оның бiрiн аңғарсақ, бiрiн аңғармаймыз. Жақында бiр бас қосуда менiң қызметтес замандасым Жайшылық мынадай бiр әңгiме айтқаны бар:
– Шәке, Сiз «Жалағаш жаршысы» газетiне есiмi елге белгiлi, бүгiнде арамызда жоқ алдыңғы буын ағалар жайлы естелiктер жазып, оларды бiлетiндердiң жүрегiн толғандырып, өткенiмiздi қайта жаңғыртып жүрсіз. Соның әсерінен өткен уақыттың қаншалықты қымбат екендiгiн ерiксiз есiмiзге алудамыз. Ағамның үйiнде сақтаулы жатқан «Жаңадария» газетiнiң сарғайған ескi тiгiндiлерiнiң мән-мағынасын ендi түсiне бастаған сияқтымын. Әншейiнде осы тiгiндiлердi неге сақтады екен деп ойлайтынмын. Оның да кәдеге асатын жерi бар екенiне ендi көзiм жете бастады. Бұлай деп отырғаным, менiң туған ағам Тоқшылық Ағыбаев 1961-1989 жылдары аудан көлемiнде жауапты қызметтер атқарды. «Жаңадария» газетiнiң тұрақты оқырманы едi. Бiз де ұзақ жылдан бері осы басылымның оқырманымыз. Бiрақ, ағамыз бiз сияқты емес едi. «Жаңадария» газетiнiң әр нөмiрiн сақтай отырып, жыл сайын подчивка жасайтын және оны архивiнде сақтайтын. Ал, бiздер болсақ, оқып болғаннан кейiн онымен жұмысымыз да болмайтын. Ағамыздың сол тігіндiлерi үйiнде өзi болмаса да әлi күнге дейiн сақталыпты. Осыларды негiзге ала отырып, кезiнде «Жаңадария» газетiнiң нағыз жанашыр оқырманы болған оны, үстіміздегі жылы 90 жасқа толып отырғандығын өзінің сүйікті газетінің бетіне жазып, есiмiн еске алудың ретi келiп тұрған сияқты, – дедi.
Жайшылықтың бұл ойы менi толғандырмай қоймады. Содан кейiн «Тумысы бөлек тұлға» деген мақаланы өмiрге әкелген едiм. Ендi сол ағамыз жайлы сыр ашпақпын.
II.
Адамдар, адамдар! Өмiр тек Сiздер арқылы өмiр, сiздер арқылы ғана қызық. Сол қызықтың кезiнде қайнаған бел ортасында жүрген алдыңғы буын ағалардың өмiрi жайлы сыр шертсек, олардың әруағы риза болар деген ойдамыз. Осы тұста ақын Iзтай Мәмбетовтың:
«Ағасы бардың жағасы бар» рас-ау,
Жүредi көңiл жамаусыз ғана сiрә, сау.
Ақ көңiл аға кеңдiгiменен кешедi,
Iнiсi кейде көрсетсе мiнез бiр асау.
«Iнiсi бардың тынысы бары» тағы рас,
Iнiдей көнбiс қолғанат деген табылмас.
Қиын да қыстау қарекет күнi кездессе,
Iзi бар кiсi өлер де болса тайынбас, – деген өлең жолдары еске оралады.
Осы өлеңдi қайта-қайта оқи отырып, шын мәнiнде бұл өлең Тоқшылық сияқты ағаларға арналған-ау деген тоқтамға келесiз. Сонда оқырман қауым айтуы мүмкiн «Тоқшылық аға деген кiм?», – деп. Ендеше, тiлiм жеткенше айтайын.
Ойлап отырсам өз басым нағыз жаны жайсаң ағалармен қызметтес болыппын. Бiрiне-бiрiнiң ұқсамайтын ерекше мiнезi бар. Сол ағалар кеше ғана арамызда алшаң басып жүрген едi. Ал бүгiнгi күнi сол ағаларды еске алсам, қатарлары мүлдем сиреп қалыпты. Солардың ортасында өзгеге ұқсамайтын, өзiне ғана жарасатын жүрiс-тұрысы, сөзi орнықты, iсi тиянақты, қолға алған iсiн орындағанша тыным таппайтын, қай уақытта да көңiлi бай, үнемi асығыс жүретiн Тоқаң, Тоқшылық Ағыбаев ағамыз өз заманының тау тұлғалы азаматы болатын.
III.
Тоқаңның өмiр жолы замандастары сияқты еңбекке ерте араласудан басталады. 1946 жылы орта мектептi бiтiргеннен кейiн Қызылорда қаласындағы педагогикалық институттың тарих факультетiне түсiп, оны 1950 жылы ойдағыдай бiтiрiп шығады. Сөйтiп соғыстан кейiнгi жылдар iшiндегi Жалағаш ауданы бойынша жоғары бiлiм алған қарлығаштардың бiрi болады.
Еңбек жолын Тереңөзек ауданына қарасты Шымбөгет орта мектебiнде оқу iсiнiң меңгерушiсi болып бастайды. Содан кейiн 1952-1961 жылдар iшiнде осы ауданда мектеп инспекторы, аудандық партия комитетiнiң үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi, Ленин атындағы колхоздың председателi қызметтерiнде болады. Қалған уақытының барлығы өзiнiң туып-өскен ауданы – Жалағашта өтедi. Мұнда да ол аудандық партия комитетiнде лектор-консультант, аудандық Совет атқару комитетiнде жауапты хатшы, тұрмыс қажетiн өтеу комбинатының директоры, ауыл шаруашылығы қызметкерлерi кәсiподағы аудандық комитетiнiң төрағасы сияқты лауазымды қызметтер атқарады. 1972 жылы Бүкiлодақтық ауыл шаруашылығы және дайындау мекемелерi жұмысшы-қызметкерлерi кәсiподағының Мәскеуде өткен IХ съезiне делегат болып қатысады. Бұл сол кезең үшiн аса абыройлы, дәрежелi атақ болып есептелетiн. Жалпы Тоқаң қай қызметте жүрсе де абырой биiгiнен көрiне бiлдi. Соның арқасында ол өзi қызмет жасаған мерзiм iшiнде жиырма жылдай аудандық партия комитетiнiң пленум мүшесi, жиырма жылдай аудандық Советтiң депутаты болып сайланды. Бұл да сол кезеңдегi аудандағы ең жоғары орган болып саналатын. Оның қызмет жасаған кезiндегi еңбегi жоғары партия және Совет органдары тарапынан өзiнiң бағасын алды да. Мәселен, ол «Құрмет белгiсi» орденiмен және В.И.Лениннiң туғанына 100 жыл толуына байланысты, «Еңбектегi ерлiгi үшiн» юбилейлiк медалiмен наградталды. Сондай-ақ «Двадцать лет победов Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.» және «Ветеран труда» медальдарының иегерi болды.
ВЦСПС-тiң «За активную работу в профсоюзе», ВЛКСМ Орталық Комитетiнiң "50 жылдығы" значоктары және бiрнеше рет облыстық партия комитетi мен облыстық Советтiң «Құрмет грамоталарымен» наградталды.
IҮ.
Аға туралы, Тоқаң туралы айта берсем әңгiме ұзақ, – деп бастады туған iнiсi Жайшылық Ағыбаев. Мен, бұл ретте абзал ағаның көпшiлiк бiле бермейтiн өнер иесi болғанын айтсам деймiн. Оған көп қағаздың арасынан шыққан мына бiр сурет себепкер болды. Сурет сырын былайша баяндауға болады. 1986 жылдың қазан айының екiншi жартысында (дәл күнiн ұмыттым) ауданға КСРО Халық әртiсi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, композитор Нұрғиса Тiлендиев өзiнiң әйгiлi «Отырар сазы» оркестрiмен келiп мәдениет үйiнде үлкен концерт қойған-ды. Сол концерт үстiнде ұлы композитор залдағыларға қарап тұрып: – 1946 жылы өзiммен бiрге Мәскеуге барып, өзiм ұйымдастырған домбыра оркестрiнiң құрамында өнер көрсеткен, осы концертке қатысып отырған жалағаштық Тоқшылық Ағыбаевқа арнап «Көш керуен» атты күйiмдi орындап беремiн», – деген үнi осы кездесуге қатысқан поселке тұрғындарының әлi есiнде. Төмендегі суреттi Нұрғиса Тiлендиевпен сол жылы Мәскеуге барғанда түскен көрiнедi.
Сол жолы Тоқшылық аға Нұрғиса Тiлендиевтi арнайы үйiне шақырып, қонақ қылдық. Ол өзi есте қаларлық күн болған едi. Сондағы байқағанымыз: Ол өзiн дастарқан басында айрықша еркiн ұстайды екен. Айналасындағыларға жылы қабақ танытып, олардың да әңгiме айтуларына ырық берiп, отырыстың көңiлдi болғандығын қалайды екен. Дастарқан басында өзiмен бiрге болған аудандық партия комитетiнiң үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi Төлеш Есқазиев, аудандық мәдениет бөлiмiнiң бастығы Комвуз Бердәулетовтiң айтқан әңгiмелерiне қарқылдай күлiп, өзi де небiр тарихи анекдоттарды нәшіне келтiре айтып, отырысты күлкiнiң базарына айналдырған едi.
Әсiресе, Тоқаңның бiр айлық оқудан оралып, Алматының апортын ала келiп, үнемi сырқаттанып жүретiн сүйiктi жұбайы Жадырасына бергенi, одан ертесiне жұмысына барып «Жадыра алма жегелi қалайсың?» – деп сұрағанын айтып бергендегi ұлы композитордың бөлменi басына көтере iшек-сiлесi қатып күлгенi әлi күнге дейiн есiмiзде. Дәл осы тұста табақ та келiп, әрi әңгiмеге разы болған Нұрғиса аға Тоқаң мен Жадыраны жанына шақырып, суретке түсiрiңдер деген шын ықыласпен айтқан сөзiн сiрә, тiрi адам ұмытар ма? Ұлы адамдардың айтқан әрбiр сөзi мәңгi жасайды деген осындайдан айтылса керек-тi. Сол жолы ол өзi де жақсы көретiн болса керек, жас лақтың етiн шын ықыласымен жедi, өзгелерге де қолымен асатқаны қандай жарасымды болды десеңiзшi!
Ү.
Сонымен Тоқаң Мәскеуге қалай барды? Ол жайлы оның өзiнiң жазбаларын сөйлетейiк.
«...Ұлы Отан соғысы жеңiспен аяқталғаннан кейiн мемлекет тарапынан көркемөнерпаз жұмысына бұрынғыдан да зор көңiл бөлiндi. Соның нәтижесiнде 1946 жылы шiлде айында аудандық көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылып, одан озып шыққандар тамыз айында облыстық байқауға қатыстырылды. Осы байқауға қатысқан жалағаштықтар: Орынкүл Ержанова, Шәмшi Күлтекенова, Смағанбет Қайранбаев және мен жүлделi орындарға ие болып, облыс өнерпаздары қатарына қосылдық. Сөйтiп сол кездегi облыстық мәдениет бөлiмiнiң жауапты қызметкерi Рахат Жәкеновтың басшылығымен құрамында 40-тан астам өнерпаздары бар халық аспаптары оркестрiнiң сапында республикалық жарысқа қатысу үшiн Алматы қаласына бардық. Мұнда, яғни 1947 жылдың 25-28 тамыз аралығында төрт күнге созылған жарыс қорытындысында қызылордалықтар бiрiншi орынды иелендi. Ендiгi сапар Мәскеу қаласына барудың жолы ашылды. Қызу дайындық жұмысы басталды. Сол жолы республиканың түкпiр-түкпiрiнен келген жеңiмпаз өнерпаздардың алдына академик Ахмет Жұбанов, композитор Нұрғиса Тiлендиев келiп сөз сөйлеп, бұл дайындықтың мақсатын түсiндiрдi. Дайындық жұмыстары тамыз айынан басталып, 25 қазанға дейiн созылды. Осы уақыт аралығында Нұрғиса Тiлендиев бiздердi «Арынғазы», «Балбырауын», «Айжан қыз», «Адай», «Сарыарқа» сияқты атақты күйлердi орындауға жаттықтырды. Мұнан соң оркестрдiң құрамында КСРО Халық әртiсi Қанабек Байсейтовтың басқаруымен алпыс адам Ұлы Октябрьдiң 29 жылдық құрметiне Мәскеудiң үлкен театрында концерт қойдық. Сөйтiп көрермендердiң қошеметiне бөлендiк. 7 қараша күнi Қызыл Алаңдағы шеруге қатыстық. Жалпы Мәскеу қаласының халқына 12 күн үзбестен концерт көрсеттiк. Әңгiме етiп отырған суреттер сол жолы композитор Нұрғиса Тiлендиевтің қатысуымен ескерткiшке түсiрiлген едi. Бұл жазбалар Тоқшылық ағаның жеке архивiнен алынды.
ҮI.
Оның басқалардан ерекшелiгi: қандай жұмыс болса да берiлiп iстейтiн. Жалқау адамға дәлел көп қой. Ал, Тоқаң болса, әсiресе ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң аудандық комитетiн басқарған кезде қалың папкасын қолтығына қысып алып, ашпайтын есiгi, бармайтын кеңсесi болмайтын.
– «Тоқаң жұмысты кеңседе отырып-ақ басқармайсыз ба?» дегенiмiзге.
– «О, не дегенiң, кәсiподақ дегенiңiз жұмысшының қамқоршысы емес пе?! – деп жауап беретiн.
Тоқаңмен қызметтес болған жылдарды еске алсам, айтатын сәттердiң көп екендiгi еске оралады. Ол кезде Тоқаң аудандық Советi атқару комитетiнде жауапты хатшы болып қызмет атқаратын да, мен болсам аудандық партия комитетiнде ұйымдастыру бөлiмiнiң меңгерушiсiмiн. Бұл 1973-1977 жылдар болатын». Екеумiз жұмыс бабында жиi кездесетiнбiз. Себеп, аудандық Совет атқару комитетi мен аудандық партия комитетiнiң шаруашылық мәселелерi бойынша бiрiккен қаулы қабылдайтын кезi. Қаулыға аудандық партия комитетiнiң бiрiншi секретары мен аудандық Советi атқару комитетiнiң председателi қол қояды. Қол қойғанға дейiн Қаулы аудандық Совет атқару комитетiнде дайындалып, қаулының жобасы аудандық партия комитетiне ұсынылатын. Бұл жұмысқа жауапты Тоқаң болатын. Қаулының жобасын ол маған әкелiп өткiзетiн. Менiң қолымнан өткеннен кейiн барып, аудандық партия комитетiнiң бюро мәжiлiсiне ұсынылатын. Ол кезде аудандық Совет атқару комитетi қазiргi аудандық Салық комитетi орналасқан ғимаратта болатын, аудандық партия комитетi бүгiнгi әкiмшiлiк отырған орнында тұғын. Осы екi ортада үнемi өзi жүретiн. Сонда Тоқа, өзiңiз жүре бергенше, қарауыңыздағы қызметкерлердi неге жұмсамайсыз? – десек.
– Өзiм iстейтiн жұмыс болғасын, оларды несiне жұмсаймын, – дейтiн.
Жалпы, ол кiсiнiң табиғатына ерiншектiк, бiреудi жұмсап шiрену деген жат еді.
Бiрде Тоқаң сырқаттанып, аудандық ауруханаға түстi. Кеулiн сұрайын деп ауруханаға барғанымда, өзi емделiп жатқан бөлмесiн кеңсеге айналдырып алыпты. Үстелдің үстi толған қағаз. Жергiлiктi кеңестердiң сайлауы қарсаңы болатын. Соларды қолынан өткiзiп отыр екен.
– Тоқа-ау, бұларды жiгiттерiңiзге тапсырмайсыз ба, одан да дұрыс ем алмайсыз ба?! – дейміз.
– Бәрiбiр, өзiң iстейтiн жұмыс болғасын шыдамай қарап жатқаным ғой деген едi. Ол өзiнiң жазған қағазына жоғарыға барғанда бұзылмасына сенетiн едi. Шын мәнiнде солай болатын-ды.
Жалпы ол саналы өмiрiнiң қырық жылында қоғам талабына сай еңбек еткен азамат. Онымен қызметтес болғандар тынымсыз жанның демалыссыз атқарған жұмыстарын әлiге дейiн жыр етiп айтып отырады.
Қатты сөзi жоқ, ойын, тапсырмасын жәй сөзiмен жеткiзе айтатын ағаны қызметтестерi құрмет тұтатын.
Тоқаң 1989 жылы еңбек демалысына шыққаннан кейiн де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқ. Жалағаш поселкесi ардагерлер кеңесiнiң төрағасы болып жұмыс жасаған кезде жоқтан бар жасады. Бұл қоғамдық ұйым Тоқаң басқарған кезден бастау алды. Бұны да болса қайраткер ағаның қоғамда қалдырған iзi деуге болады.
ҮII.
Лауазымды қызметте жүрген кезiнде Тоқаңның әрiптестерiнен бiр ерекшелiгi өнерге бiртабан жақын едi. Қандай қызметте жүрсе де өнерден қол үзген емес. Елдегi ақын-жыраулармен жиi араласатын. Олардың өнерлерiнiң халық арасына, таралуына қолдан келген көмегiн аямайтын. Әсiресе, әйгiлi жырау Әбiлда Жүргенбаевты насихаттау жолында кезiнде тиiстi орындар алдына мәселе де қоя бiлдi. Сондай-ақ аудандағы «Алтын арай» ансамблiнiң белдi ұйымдастырушыларының бiрi болды. Оның өнерге жақындығының белгiсi балаларына есiмдi ақындар мен әншiлердiң атын қойды. Мысалы, ұлдарына: Тұрмағанбет, Тоқмағанбет, қыздарына: Зәуре, Бақыткүл деген есiм бердi. Ондағысы солардай болмаса да өнерге жақын болсын дегенi шығар.
Бүгiнде бұлардан тараған ұрпақ аталарының үстiмiздегi жылы 90 жасқа толғанын атап өтпекшi. Адам ұрпағымен мың жасайды деген осы.
ҮIII.
Жылдар өтер, оның ағысымен көп нәрсе ұмытылар. Бiрақ жазылған жазбалар кейiнгiлердiң өткендi есiне алуларына жарайтын мезгiлге де жетер. Сол сияқты бiздiң әңгiме етiп отырған кейiпкерiмiз жайлы жазылған деректi мақаланы оның ұрпақтары iздеп жүрiп оқитын кездер де болар. Себеп, бүгiнгi айтылып отырылған әңгiме уақыты келгенде өмiрден ұмытылмайтын тарих беттерi болып өз орнын табар. Өйткенi, тарих дегенiмiздiң өзi, әр адамның iстеген iсiнен, қалдырған iзiнен бастау алатын заңды құбылыс.

Шыңғыс АЙБОСЫНОВ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.