» » БЫЛТЫР 66 БАЛАҒА ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН

БЫЛТЫР 66 БАЛАҒА ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН

Қазіргі таңда көптеген отбасында жасы 5-6-ға келсе де сөйлемейтін, ешкімге қосылмай өз бетінше жүретін балалар көптеп кездеседі. Бірақ, ата-аналар баласының бұл қылығын еркелік деп мән бермеуі мүмкін. Алайда, мұндай балалардың көпшілігіне дәрігерлер «аутизм спектрлік бұзылысы бар» деген диагноз қояды.
Өткен аптада аудан орталығындағы №202 орта мектептегі Жалағаш психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде «Аутизм спектрлік бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзету-дамыту әдістері» тақырыбында аудандық семинар өтті. Оған аудандық білім бөлімінің, емхана психологтары, Жалағаш ППТК және ПМПК мамандары, дефектолог мамандар, балабақшалардың педагог-психологтары, ата-аналар қатысты. Семинар барысында аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмысы, аутист баланың психикалық дамуының ерекшеліктері, аутист спектрлік бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстары, мектеп жасына дейінгі психикалық даму бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстары айтылды.
Мамандардың айтуынша, 2018 жылы мекемеде 66 балаға түзету жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, мекемеде қазір 3 балада аутизм синдромы бар екені анықталып, ол балалар түзету жұмыстарымен қамтылып отыр. Бұдан бөлек, мекеме психологы «Аутист баланың психикалық дамуының ерекшеліктері» тақырыбында баяндама оқып, аутист балалардың психикалық ерекшеліктеріне тоқталса, семинардың практикалық бөлімінде дефектолог маман аутизм синдромы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарынан видео сабақтар көрсетті.
Сонымен бірге, жалпы білім беретін мектеп партасында отырған психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарына да шолу жасалып, балабақша психологтарымен өзара тәжірибе алмасты.

«ЖЖ» ақпарат.

12 ақпан 2019 ж. 689 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031