» » ӘУЛЕТТІҢ ақылшысы

ӘУЛЕТТІҢ ақылшысы

Ол кезде қазіргідей заманауи жетілген технологиялар жоқ. Сонда да еңбекке деген­ епті­лік­тің арқасында жұрттың көбі Жер-ананың берген ырзық-несі­бе­сіне кенелетін. Ауылымызда көрші елді мекендердегідей кү­­­­ріш алқаптары болмаған соң жұрт бақша дақылдарын күтіп-бап­­­­­тауға машықтанған. Жылдық ас-ауқаттан қалғаны қоймадан көк­темде шығарылып, қайта Жер-ана­ға табыс­талады. Мұнан кейін сол ауылдың қайнаған жұмысы қай­та­лана беретін. Біз осылай бой­жет­тік, осылай аяқ­тандық. Қазір­гідей бәсеке деген біз­дің кезімізде болған жоқ. Мүлдем емес, болды, бірақ, біз жасаған жұмы­сы­мызбен бәсекеге түсетінбіз. Ал, барға қанағат, жоққа сабыр ету қай уақытта да жадымыз­дан шыққан емес.
Жаңадариялық Әтіркүл әжемнің осы бір естелігін естігенде балалық шаққа бір саяхаттап қайтқым келді. Жоқ, олай емес, саяхаттайсың-ау, бірақ, қайтқым келмейді. Әжеміздің «Біз жасаған жұмысымызбен бәсекеге түсетінбіз» деген бірауыз сөзінен «Қазіргілер дүниемен бәсекелеседі» деген ойын аңғарғандай болдым. Өзім алтын құрсақты анамыз айтып отырған қазіргі санаттың өкілі болғандықтан қысылып барам. Әрі-бері әңгіменің ауанын басқа жаққа бұрсам да апамның расында кейінгі буыннан аз-маз көңілі қалыпты. Айтар уәж жоқ, сөзінің бәрі де рас, «Жас кезімізде облыс орталығында сирек бой көтерген қос қабатты үйлерді көріп, астамшылықтан басқа алар тәлім жоқ деп барға қанағат ететін едік. Ал, қазіргілер неге менде мұндай үй салмасқа деп барын салады. Қазір мұндай қос қабатты зәулім қоныс ­ауыл­дарда да бой көтеріп жатыр. Ал, солар ортамен санасу дегенді біле ме екен?» дейді әжей.
Отыз минутқа жалғасқан екеуара диалог барысында әжемізден біраз тәлім алдым. Заманында адал еңбекпен жетіліп, кейінгі буынға осындай үлкен еңбектің үлгісін аманаттайтын алдыңғы буынның қатары қалыңдаса дейсің ғой. Қос ғасырдың куәсі Әтіркүл Бостанова жолдасы Қоңырбай Бостановпен шаңырақ құрып дүниеге он бала алып келді. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған әжеміз бүгінде 50 немере, 20 шөбере сүйіп отыр. Қазргі таңда бір отбасынан тараған ұрпақтың өзі үлкен әулетке айналып отыр.
Сексеннің сеңгіріне шыққан Әтіркүл Бостанова ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек етті. Ол кісі көрген-білгенін кейінгі буынға насихаттап келеді. Кезінде отбасылық өмірдің қыр-сырына өз келіндерін қанықтырса, бүгінде олар да алдыңғы буыннан алған тәлімін ұл-қыздарына үйретуде. Біз де «Осы бір сабақтастық барлық отбасында жалғасын тапса» деп сүйсініп қайттық.

Ерлан Әнуарұлы.

07 наурыз 2019 ж. 581 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930