» » «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті



«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Алашкертке» қарсы қарымта кездесуді қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еревандағы кездесудің негізгі уақыты тең аяқталды - 2:2, ал қосымша уақытта алаң иелері жеңісті жұлып әкетті - 3:2. «Қайрат» сапынан Денис Поляков пен Айбол Әбікен алаңнан қуылып, алматылықтар матчті тоғыз ойыншымен аяқтады. Бірінші матчте 0:0 есебі тіркелген болатын.

«Өкінішке қарай, біз өзімізге қолайлы нәтижеге қол жеткізе алмадық. Осыған байланысты мен бас бапкер қызметінен кетуге шешім шығардым. Клубқа маған сеніп артып, негізгі құрамның бас бапкері ретінде жұмыс істеу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын», деп келтірді Кекердің сөзін клубтың баспасөз қызметі.

Енді бас бапкер міндетін Артем Гавриленко атқарады.  
Айта кетейік, еурокубок алматылық клуб үшін біткен жоқ - енді олар Конференция лигасының плэй-офф кезеңінде ойнайды. 
13 тамыз 2021 ж. 596 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30