Құрылыс қарқын алады
Мемлекет тарапынан халықты баспанамен қамту мақсатында жан-жақты қолдау көрсету қолға алынып, стратегиялық бағдарламалардың негізгі тетігі халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталады. Бірінші кезекте тұрмысы төмен отбасыларды пайызы төмен тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін арнайы бағдарлама жұмысын бастады.
Тұңғыш Президент осыған дейін «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Жайлылық дегеніміз – ең алдымен тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің, сапалы инфрақұрылымның болуы» деп, тұрғын үй құрылысына серпін беріп отырған мемлекеттік бағдарламаларды дамытуды айтқан еді.
Қуантарлығы, елімізде халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде құрылыс саласы қарқынды даму үстінде. Салаға серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында да қаншама қазақстандық баспаналы болуда. Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде тиімді жақтарын барынша арттырған. Бұдан бөлек, өздеріңізге белгілі, жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарламаның бұрынғы жобалардан тиімділігі көп. Жылдағы пайыздың мөлшерлемесі 7 пайызды құраса, бастапқы жарна – 20 пайыз. Несиені 25 жылға дейін ұзартуға да болады. Бұл бағдарлама аясында жүйелі жұмыстар атқарылып, жалдамалы тұрғын үйге қол жеткізгендер саны артуда.
Біздің ауданда да жеке тұрғын үй салушылар қатары жыл сайын артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 6,7 пайызға дейін артқан. Жеке сектор есебінен 39 тұрғын үй салынып, ел игілігін көруде. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 291 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,4 пайызды құрады. Сонымен қатар Жалағаш кентінің «Дәуімбай» учаскесінде салынатын 3 бөлмелі 30 тұрғын үй құрылысы жобасын қаржыландыруға тиісті құжаттар тапсырылды.
Аудандағы ілкімді істер мұнымен тоқталмақ емес. Алдағы бір-екі жылдың көлемінде игілікке берілетін жобалар жоспарланып отыр. Кенттегі қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салу қолға алынды. Оған жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Мердігер – «Проект Сервис» ЖШС. Бұдан бөлек қазіргі білім бөлімінің ғимараты бұзылып, орнына 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі салынбақ. Жобаның құрылысына қажетті қаржыға сметалық құжаттар дайындалып, облыстық бюджетке жолданды. Ендігі жылы кенттің шетіне бассейн салынбақ. Бұл үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
Аталған бағдарламалардың қазақстандықтар үшін тиімді тұстары көп. Баспанасыз жүргендердің бағы ашылып, жайлы қоныс тауып жатса құба-құп. Онда мемлекет ұсынған жеңілдік шынымен де халық үшін қайырлы болғаны.