Өңір тарихы ақындар жырына арқау болды
Жалағаш жері қашаннан тарихи тұлғаларға, ақын-жазушылар мен жырауларға, ел үшін еңбек еткен ерлерге кенде болған емес. Ал оны өскелең ұрпаққа насихаттау – сіз бен бізге міндет. Сексен жылдық тарихы бар Жалағаштың осынша уақытта жеткен жетістігі мен өңір тынысы кешегі республикалық айтыста ақындар жырына арқау болды. Сөз басында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман бұрыннан бұл өңірдің тарихынан хабардар екенін айтып, соңғы жылдардағы өңір әлеуетінің артуын туған жер деп тер төккен аға-апалардың еңбегімен байланыстырды.
– Жалағаш ауданы бұрын келмей жүрген жеріміз емес, сондықтан бұл өңірдің тарихы мен тыныс-тіршілігінен бейхабар емеспіз. Тізгінді қолға алған жиырма бесінші әкімдеріңіздің тұсында да біршама жұмыстардың атқарылғанына көз жеткізіп жатырмыз. Бүгінгі мерейтой баршаңызға құтты болсын. Сексен жылдағы жеткен жетістіктеріңіз жалағаштықтардың ынтымақпен, ымырамен, ауызбіршілікпен іс қылып жатқанын тағы бір айғақтайды. Осыған дейін өткен орталық алаңдағы шарада ауданның облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласында көш бастап жатқанын естідік. Оған дейінгі Исатай Әбдікәрімов пен Алдаберген Бисеновтің өмір жолын жастарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылып жатқан шарадан да алар тағылым мол. Қазір өтетін айтыста да ақындар осы өңірдің тарихын жырға арқау етіп, елдікті, бірлікті, ынтымақты жырына арқау етеді деп ойлаймыз. Сондықтан халықтың басын қосып, осындай үлкен шараның өтуіне бастамашы болған ауданның басшысына алғысымызды білдіреміз, – деді Жүрсін Ерман.
Ақындар айтысында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев осынша жетістіктің барлығы ұйымшылдықпен іс қыла білген жалағаштықтардың еңбегі екенін атап өтті. Республиканың бірқатар аймағынан келген шайырлар Жалағаштың тарихын жырлай отырып, бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен өңірдегі атқарылған жұмыстарды да сөзіне арқау етті. Жыр додасын алдымен алтын домбыраның екі мәрте иегері, жалағаштық Мұхтар Ниязов пен ақтөбелік ақын Шалқарбай Ізбасаров бастады. Қалжыңға толы құрдастар айтысы көрерменді күлкіге қарық қылды. Мұнан бөлек бұл жұп өңірден шығып, елдің өркендеуіне үлес қосқан танымал тұлғаларды да назардан тыс қалдырмады. Мұхтар Ниязов «Жақсы адамдар көп байлық жинамайды, Өздері сол байлыққа айналады» деп бір қайырса, қарсыласы «Мемлекет еңселі ел болу үшін, бар аймақ Жалағаштан үлгі алса екен» деп тынымсыз еңбек еткен елдің мәртебесін көтеріп тастады.
Алғашқы жұптың қалжыңға толы айтысы тек көрерменнің ғана емес, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сазгер Елена Әбдіхалықова бастаған қазылар алқасының да көңілінен шықты. Толық елу ұпайды қанжығасына байлаған қос ақынға көрерменнің де қошеметі мол болды.
Осыған дейін де Жалағаш өңірінде өткен айтыстың көркін қыздырып жүрген алматылық Рүстем Қайыртайұлы Түркістан облысынан келген Кәрима Ораловамен жеңге мен қайнының айтысын жасап, сүбелі сөз, орамды ойымен көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл жолы қос ақын тек Жалағаш жерін ғана емес, елдікті, тәуелсіздікті жырына арқау етті. Ал жерлесіміз Айдос Рахметов пен түркістандық Біржан Байтуов нағыз импровизацияның ақыны екенін көрсете білді. Сөз басында негізінен қазылар алқасының құрамында болуы тиіс екенін айтқан Айдос Рахметов бұл айтысқа еш дайындықсыз келгенімен көптің көңілінен шыға білді.
Көрермен мен өнерпаз арасында үлкен байланыс орнатқан жұп Шиелі ауданының тумасы, облыстың мақтанышы Мейірбек Сұлтанхан мен Батыс Қазақстан облысынан келген Талғат Мықи болды. Бұл айтыс қорытындысында ақын Бауыржан Қалиолланың Мейірбекке көтерген тоғызын көрермен толық ұпайға айналдыруын сұрады. «Халық айтса, хан түйесін сояды» деген, қазылар алқасының мүшесі де көптің пікірімен санасты. Мұнан кейін сахнадан орын алған сырдариялық Нұрмат Мансұров пен алматылық Қанат Мырзаханға да көрерменнің қошеметі аз болмады.
Бес жұптың бірінші айналымы өз мәресіне жеткесін жиналған жұрт ақтық мәреде кімнің оза шабарын білгісі келді. Бірақ өзара ақылдасқан қазылар алқасы келесі айналымның қажеті жоқ деп тапты. Қатысушылардың бірқатары «Ынталандыу» және «Шабыттандыру» сыйлығына ие болса, үшінші орын Ақтөбеден келген Шалқарбай Ізбасаровқа бұйырды. Ал екінші орынға жерлесіміз Айдос Рахметов лайық деп танылса, бірінші орынды Талғат Мықи қанжығасына байлады. Бас жүлдені Мұхтар Ниязовқа аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев табыстады.
Шара соңында аудан басшысы Жалағаш жерін, тарихын, жырға бөлеген ақындарға, ақындардың көшін бастап келген Жүрсін Ерманға алғыс білдірді. Сондай-ақ ауданның 80 жылдық мерекелік медалін айтыс жанашырының кеудесіне тағып, қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің портретін сыйға тартты.
Ерлан СОЗАҚБАЕВ