» » АУДАН ӘКІМІ Қ.СӘРСЕНБАЕВТЫҢ 8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ Қ.СӘРСЕНБАЕВТЫҢ 8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ардақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді табиғат ана жаңарып-жасарып мейірім шуағын молайтып, дүние түрлі түске боялатын гүл көктемнің сәулелі мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қашанда еліне тұтқа, ұрпаққа пана болған, тіршілікке нәр берген, адамзатқа өмір сыйлаған Анадан құдіретті, Анадан ардақты, Анадан аяулы жан жоқ. Тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, барша адамзаттың тәрбиешісі де – Ана.
«Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді». Әлемнің тыныштығы, бейбітшілігі аналардың мейірімді жүрегінде, ақ пейілді тілегінде. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген Аналардың алдында бәріміз де бас иеміз.
Ел тәуелсіздігінен бері қарай ширек ғасыр уақыт ішіндегі толағай табыстары мен қол жеткен жетістіктерінің барлығында әйелдер қауымының өз қолтаңбасы бар. Әйел­-аналарымыз бен қыз-келіншектер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп, қоғамның дамуына, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.
Біздің ауданымызда да бірнеше салада еңбек етушілердің басым көпшілігі, бөлімдер мен мекемелердің жетекшілері нәзік жанды қыз­ келіншектер.
Ардақты аналар, аяулы апа-қарындастар!
Мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақ-­береке, өмірлеріңізге шадыман шаттық тілеймін!

Игі тілекпен, аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев
09 наурыз 2020 ж. 1 415 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930