» » ҰЛТҚА ТӨНГЕН ҚАУІП

ҰЛТҚА ТӨНГЕН ҚАУІП

Халқымыз: "Ұлың жұлқынып өлсін, қызың тұншығып өлсін" депті. Астарында ұлттың рухы жатыр. Бірақ бабалардан қалған бұл сөз бүгінде мәнін жоғалтты. Дұрысы, өзіміз қадір-қасиетін қашырдық. Ұлды жиып, қызды тиып отыратын кейбір қарияларымыздың да аузынан естімейтін болдық. Соның салдарынан қазірде ер бала қызға, қыз бала еркекке айналды. Құлағына сырға тағып, боянып алған әйел дауысты еркек әншілер сахнаны жаулап алды, теледидардан түспейтін болды. Керісінше, шалбарланып, шашын тықырлап сыпырып тастаған қыздарымыз да олардан қалыспай ел алдына шығып, қоғамдағы таласты тақырыптарды талқылап, өзінен кейінгілерге ақыл айтатынды шығарды. Ең қорқыныштысы, бүгінгі жасөспірімдер мен жастар осыларды үлгі тұта бастады. Соның салдарынан қылымсыған ұл балалар, бейпіл ауыз, ожар мінез қыз балалар көбейді. Бұл – олардың ата-анасына ғана емес, ұлтымызға төнген қауіп. Бұның себебіне үңілдік пе? Кешегі семсерін сертке ұстап, жауға арыстанша атылған батыр бабаларымыздың ерлігі қайда? Қырық үйден тиым көрген инабатты қыздардың, арын ақ жаулығына түйген аналарымыздың жолы бүгінгілерге неге үлгі болмайды?

Қазір үлкен қалаларда, қоғамдық көліктерде қызтекелер мен еркекшоралар сырт көзден қымсынбайтын болды. Тіпті тобымен жүретін оларға айналасындағылардың көзі де үйренді. Оларды қоғамдағы медициналық атауымен айтуға да аузың бармайды. Көргенде жиіркенеміз, намыстанамыз, мүсіркейміз, қорқамыз, ақырында «мүмкін ауру шығар» деп өзімізді жұбата саламыз. Жоқ, бұл жылы жауып қоя салатын мәселе емес, ұрпаққа, ұлтқа қатысты қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселе. Өзіміздің қаракөздерді мұндай азғын күйге түсірген әлеуметтік желілер мен теледидар арқылы насихатталып жатқан батыстық «мәдениет». Басқасын айтпағанда, бір ғана порно фильмдердің өзі кешегі намысы алдаспандай жарқылдаған халықтың бүгінгі ұрпағының азғындалып кетуіне себеп болып отыр. Жасырып, жабатыны жоқ, батыстың «шабуылынан» қорғанатын қоғамның қауқары жоқ қазір. Өйткені бойымыздағы ұлттық иммунитетіміз төмендеп кеткен. Кейінгі ұрпақ ұлттық уызға жарымай өсіп келеді. Батырлар жырымен ауызданып, алты жасынан-ақ арғымақтың жалына жабысып атқа отыруға тиіс ер балалар, қыздай сызылған сыпайы, бос тақым, жасық, жауға деп жебе жонатын жастарымыз «91» тобының табынушысына айналды...

Бірнеше жыл бұрын ауылдағы бір құрдасымның үйінде қонақта болдық. Бес-алты жасар кенже ұлы тым ерке екен. Кіргеннен қонақтарды сыпыра боқтап, мойындарына мініп, құлақтарынан тартты. Ыңғайға көнетіндерін ат қылып мінді. Әйтеуір ойына келгенін істеді. Бір уақытта боғауыз сөздерді боратты. Әке-шешесі тарапынан «тәйт» деген тиым болмады. Дастархан басындағылар бірге оқыған құрдастар болғанмен ыңғайсыздандық. Арамызда бір мұғалім жігіт бар еді, шыдамады білем: «Әй, тентек, айтпа олай, қазір құлағыңды кесіп аламын» деп түсін суытып, қорқытқан болды. Бірақ одан ығатын бала жоқ, сәл аңтарылып тұрды да, қайтадан бастады. Шешесі күлді де қойды. Әкесі: «Ойбай, қорқытпаңдар баланы, осы сөздерді өзім әрең үйретіп жүрмін оған. Айта берсін! Бұл бала кішкентай кезінде өте нәзік, мінезі де қыз сияқты болатын. Содан қатты қорықтым. Сосын ойлана келе, көршілердің балаларымен төбелестердім, боқтық сөздер үйреттім. Атасына нәлет, ертең қыздар сияқты сызылып жүрмей, еркек секілді өссін. Ештеңе етпейді, өскесін өзі қояды бәрін. «Есі бар тентек есейе келе ер болады», – деді». Біз ештеңе айтпадық. Баланы қорқытқан мұғалім сыныптасымыз да ойланып қалды...

Қ.АДИС

02 маусым 2020 ж. 497 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930