» » Сарыарқа төріндегі астана

Сарыарқа төріндегі астана

Тәуелсіздігіміздің тұғыры, Алаштың асқақ айбары – ару астананың төрткүл дүниені тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны ақиқат. Аз ғана уақыт ішінде Қазақ елінің астанасы әлемнің әсем астаналарымен иық тіресіп, бой таластыра алатын деңгейге жетті. Бүгінгі астана – Қазақстанның жаңа әлемдегі жарқын бейнесі. Нұр-Сұлтан – Батыс пен Шығысты жалғастыратын алтын көпір. Егемен елдің бас қаласы – ата-бабамыз бен кешегі Желтоқсан боздақтарының орындалған арманы.


Иә, әлем елдері назарының Нұр-Сұлтанға ауғаны қашан. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқалы мемлекетіміз саяси оқиғаларды бастан кешіріп, ірі бастамаларды қолға алып, сол жолда егемен ел ретінде өз тари­хын қалыптастырып үлгерді. Осы кезеңде Ел Пре­зиденті батыл шешім қабылдады. Елбасы тәуе­кел еткен бұл қадамның саяси-экономикалық ма­ңызы терең еді. Астананы қиырдағы Алматыдан жер кіндігіндегі Ақмолаға көшіру арқылы қазақ тәуел­сіз­дігін нығайтудың жаңа мүмкіндіктері ашыл­ды. Бұл идеяның астарындағы көрегендікті жылжып өткен жылдар айқындап жатты. Есіл жағалауынан орын тепкен Елордаға қарап, өңірлер бой түзеді. Мемле­кетке еш қиындық туғызбастан республика көлемінде алып құрылыстар басталып, тоқырай бас­таған өндірістер қайта жанданды. Жаңа кәсіп­орындар бой көтеріп, ел экономикасы артты. Ежелгі Есілдің жағасында көрікті жас қала қанат жайды. Осымен қазақ елі әлемдік өркениетке үлес қоса алатын қабілетті ел екенін дәлелдеді.

Нұр-Сұлтанның келбетін жасау үлкен талап пен жаңашылдықты қажет етті. Президент архитек­ту­расы жағынан өзгеше, келешек ұрпақтың көңі­лі­нен шығып, уақыт сүзгісінен өтетіндей осы за­ман­­ғы технологияларды игеруді, озық шешімді талап етті. Алайда мұндай күрделі де ауқымды мін­­дет дүниежүзілік архитектуралық және құры­лыс мәдениетін игергенде ғана заманауи қала­ның бой көтеретіні белгілі еді. Сондықтан бұл жұмысты қолға алу үшін, астананың бас жоспарын айқын­дауға әлем­ге танымал дарынды сәулетшілер жұмыл­ды­рылды. Осыншама идеяның, ауқымды баста­ма­лар­­­дың нәтижесінде шырайлы шаһар, әсем қала – Нұр-Сұлтан сән-салтанатымен бой түзеді. Елор­­даның сәулеті, идеялары ХХІ ғасырдың алып ала­ңына айналғандай. Осы уақыт ішінде ауыз тол­тырып айтатын жетістіктер мен мақтанышпен баяндайтын тарих тағылымы да бүгінгінің мол мұра­сына айналды. Егемен Қазақстанның жаңа астана­сында көркемдік маңызы бар ауқымды сәулеттік ғимараттар бой көтерді.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

04 шілде 2020 ж. 430 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930