14 ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
Әне-міне дегенше жыл да соңына таяды. Әлемдік пандемияның әсерін айтпағанда, ауданның дамуы кенжелеп қалған жоқ. Барлық салада ілгерілеушіліктің, алға жылжудың көрінісі бар. Әсіресе жастық жалыны бойларына күш-қуат беретін, қоғамның қозғаушы күші жастардың белсенділігі жоғары. Елдегі жастар саясатының жүйелі жұмыс істеуіне үлес қосуда. Жуырда ғана бастамашыл жастардың 14 жобасы мақұлданып, грант жеңіп алды. Жалағаштық жастардың тың идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік берген бұл жетістік ауданның да дамуына септігін тигізетіні анық. Биыл аудан жастары үшін табысты болды ма? Қандай жобалар қолға алынды? Сауалдарымызға жауап алу үшін аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ерхан Бақбергенұлымен әңгімелестік...
– Ерхан Бақбергенұлы, әңгімені жастардың бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды жұмыстардан бастасаңыз...
– Биыл аудандағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 12 млн 2 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 3 млн 368 мың теңгеге аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 3 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек қыркүйек айында 2018 жылы бастау алған үздік жастарға арналған аудан әкімінің «Жалын» жастар сыйлығына 500 мың теңге қаржы қарастырылды.
Алдымен бұл қолдаулардың барлығы аудандағы жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыруға, жастар арасында еріктілер корпусын дамытуға, сондай-ақ жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыруға және жастар шығармашылығын дамытуға бағытталып отыр.
Сонымен бірге биыл «Еріктілер жылы» болып жарияланғанын айта кету керек. Ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе жастарды тарта отырып, белсенділік ұстанымын қалыптастыруды көздеген айтулы жыл біз үшін ерекше өтті. Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жалынды жас» еріктілер мектебінің мүшелері 300-ге жетті. Бұл топ мүшелері аудан жастарының ел басына туған кез келген қиындыққа бей-жай қарамайтынын, әрдайым белсенді болуға, бастамашы болуға ұмтылатынын дәлелдеді. Сөзімізге дәлел, елде жарияланған төтенше жағдай кезінде еріктілер 270 мың теңге көлемінде тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Азық-түлік, тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Сонымен бірге ашық базарларда, көшеде тұрғындарға бірнеше рет тегін бетперде таратты. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, індеттің таралуының алдын алуға жұмыс істеді. Жолаушылар жүретін жол бойына ескертпелер жазып, ақ халатты абзал жандардың қауырт жұмыстарына көмектерін тигізді деуге де болады.
– Жақында ғана ауданның бастамашыл, белсенді жастары 5 млн теңге грант иеленді. Бұл жобалар қай бағытта жүзеге асырылмақ?
– Иә, ерікті жастар түрлі бағыттағы 14 жобаның грант жеңімпазы атанды. Оның ішінде ауылдық ҮЕҰ-ның және бастамашыл топтардың әлеуетін көтеруге, жастар арасында волонтерлік брендін танымал етуге, "АШЫҚ ЖҮРЕК" жобасы шеңберінде волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған жобалар бар. 500 000 теңгені құрайтын жобалардың қатарында Жаңадария ауылындағы спорт залға жаңа құралдар алу, жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс ұйымдастыру мақсатындағы «Тарлан» бастамашыл тобы, ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуге арналған "GOWORKING" орталығын ашуға М.Шәменов ауылының «Жанашыр жастар» бастамашыл тобы, мүгедектігі бар балалардың, жағдайы төмен отбасындағы балалардың жағдайын жасау, ағылшын тілінен білімдерін арттыру, баланы жан-жақты дамыту мақсатында жұмыс істейтін «Jalyndy Jas» бастамашыл тобы, Дәуімбай елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин, Н.Әпрезов көшелеріне қоқыс жәшігін кою, тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызбасты қарт кісілердің үйлерінде төтенше жағдайдың алдын алу және өрттен қорғау мақсатында моржа тазалайтын аппарат алу, тазарту жұмыстарын ұйымдастыру, волонтерге арналған семинар-тренинг өткізу мақсатында «Достық» бастамашыл тобы бар.
Ал «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар жобасына 300 000 теңгеден қаржы қаралды. «Жүректен жүрекке» жобасы аясында мүгедектігі бар балалардың жағдайын жасау, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген құштарлығын арттыру, басқа сала мамандарымен байланыс орнату, баланы жан-жақты дамытуға жұмыс істесе, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» жобасы аясында жергілікті жердегі логопед мамандардың көмегін тиімді пайдалану, баланың есте сақтау динамикасын дамыту, психикалық даму деңгейін, ерекшелігін, психикалық дамудағы, мінез-құлқындағы ауытқушылығын қалпына келтіру және қоршаған ортаға бейімдеу, жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасауды көздейді. Бұдан бөлек, «Birgemiz: UMIT» волонтерлік бағыты бойынша шағын гранттар байқауында аудан бойынша жеңімпаз атанған жобалардың тізімінде бастамашыл жас Нұржан Амандықтың «Сақ болайық, халайық!», Алтынай Қанзаданың «Мамандандырылған волонтерлер дайындау», Динара Омардың «Жақыныңа жанашыр бол», Камилла Шайхының «Toqta.Saqta», Нарбота Серәлінің «Бүгінгі күннің батырлары» жобасы қамтылды. Жалағаштық жастардың жетістігі жалғыз бұл емес.
Аталған жобалармен қоса жастар арасында волонтерлік брендін танымал ету бойынша "АШЫҚ ЖҮРЕК" жобасы шеңберінде волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттарды да ерекше атап өту керек. Жоба жеңімпазы Наурыз Болаттың «Чемпиондыққа бірге жетеміз», Абай Молдаштың «COWORKING» орталығын ашу және Нарбота Серәлінің «Салауатты ауыл» жобасы өңір жастарының белсенділігін арттыру мақсатында қолға алынатын болады.
Айта кету керек, бір ауданнан 14 жобаның қолдау табуы, ерікті, бастамашыл жастардың ұтымды ой-тұжырым, тың идея ұсынулары – ауданымыз үшін үлкен абырой. Қолдау тапқан жобалар жоғары деңгейде жұмыс істеп, көздеген мақсатқа жететініне сенеміз.
– Ерхан Бақбергенұлы, бұдан басқа қандай шаралар ұйымдастырылды? Жастардың жұмыспен қамтылу жайы қалай?
– Жыл басынан бүгінге дейін жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 106 шара өткізілді. Жастардың шығармашылығын дамыту мақсатында ауданда жайдарман ойындарының лигасы құрылып, сахна мәдениетіне, өнерді құрметтеуге, тазалыққа, бос уақытты тиімді өткізуге, көшбасшылық қабілетті дамытуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Тарқатып айтсақ, аудан жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында «Жалағаш аруы» байқауы, «Zhalagash Life» жастар лагері, аудандық жайдарман лигасы, «Жалынды жас» еріктілер мектебі, «Инсайт» кітап клубы, шағын футболдан «Аудандық лига» ойындары, жастар еңбек лагері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық мектебі және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, еңбек лагері сынды жобалар дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Мұның ішінде «Жалағаш құрамасы» жайдарман тобы тұрақты түрде облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Биыл республикалық премьер-лига телевизиялық жобасының жартылай финалына дейін сәтті өнер көрсетті.
Бірақ орталық карантин режиміне байланысты іс-шараларды онлайн форматта өткізуді қолға алған болатын. Төтенше жағдай енгізілген кезеңде әлеуметтік желілер арқылы жастарды еңбекке баулу, тұрғындарды тазалық сақтауға, бұқаралық спортпен шұғылдануға шақыру, ұлттық құндылықтарды жастар арасында насихаттау мақсатында онлайн түрде шаралар ұйымдастырылды. Бұл шаралардың барлығы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы ауқымды тірлік.
Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне келсек, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасуда басымдық берілуде. Мәселен, аудан бойынша іске асырылып жатқан 18 инфрақұрылымдық жоба бойынша 357 адам халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылған болса, соның ішінде 228-і – жастар. Бұдан басқа осы жылдан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына толықтырулар енгізіліп, «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімі» мемлекеттік қолдау шаралары қосылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге арналған. Бұл ретте, жұмыс беруші қатысушыны кемінде жиырма төрт айға тұрақты жұмысқа орналастырады, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың бірінші жылы үшін еңбекақыны субсидиялайды. Ал «Ұрпақтар келісімі» жобасы бойынша жұмыс іздеп жүрген адамдарды зейнеткерлік жасқа жеткен, жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен жұмысқа орналастыруды көздейді. Жұмыс беруші қатысушыны кемінде он сегіз айға тұрақты жұмысқа орналастырады, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алты айы үшін еңбекақы төлеуді субсидиялайды. Бұл да болса жұмыссыз жастарға әжептәуір қолдау болмақ.
– Жастардың кәсіпке бетбұрысы қандай? Осы бағыттағы жұмыстарға тоқталсаңыз...
– Жыл басынан ауданнан мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 140 жоба 3 млрд 355,1 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде 26 жас кәсіпкер бар. Яғни барлық қаржыландырылған 140 кәсіпкердің 18,6 пайызы жастарға тиесілі. Толықтырып кетсек, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 2 жас кәсіпкердің жаңа жобасы қолдау тауып, қайтарымсыз грантқа ие болды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан бері жұмыссыз 24 жас кәсіпкер 77,8 млн теңгеге ие болды. Сонымен қатар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 12 жас кәсіпкердің жобасы, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Аграрлы Несие Корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы жас кәсіпкер «Бағлан» ШҚ-ның «Мал бордақылау алаңы», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Ақерке» ЖК-ның «Сауда үйі» жобасын қаржыландыру жоспарланып отыр.
– Елде жастар саясатын дамытуда жасалып жатқан жұмыстар қаншалықты нәтижелі? Саланы дамытуда қандай жобаларды жетілдіруді ұсынар едіңіз?
– Мемлекеттің жастарға қамқорлығы артқан сайын жастардың белсенділігі де артып келеді. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда, сәйкесінше, оған қатысушы жастар да белсенді. Негізі қазір жастардың тұрақтанып кетуіне, идеяларын жүзеге асыруына жағдай жасалған. Қоғамдағы өзекті мәселелердің қатарында жастардың әл-ауқаты, жастар саясатының жүзеге асырылуы тұрады. Бұған дейін ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша бірқатар тиімді әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Бұл жобалар әлі де болса өз жұмысын тоқтатқан жоқ.
Ал саланы дамыту жайына келетін болсақ, біріншіден «Біздің қоғамымызда жастарға не керек?» деген сұраққа жауап беруіміз керек сияқты. Өйткені қазіргі таңдағы жастардың заман талабына қарай күнделікті өзгеріп, талаптары да молая түскені анық. Сондықтан да біз қазіргі жастардың ғаламторға тәуелділігін ескере отырып, оны тиімді пайдалану үшін әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жұмыстарды күшейтуді қолға алдық. Меніңше, осы тетіктің өзі біршама дамуға бастайтын жолды айқындап беретін сияқты. Орталық тарапынан да жастарды ауданның қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша тұрақты түрде түрлі тақырыптағы сауалнамалар алынып, қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылуда.
– Салауатты өмір салтын ұстануда жастардың ынтасы қандай? Бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін қандай шаралар қолға алынған?
– Әңгімені бірден жас спортшылардың жетістігінен бастасам. 2019-2020 жылдың қорытындысы бойынша аудан cпортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР чемпионаттарында 11 алтын, 5 күміс, 12 қола медаль жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 6 алтын, 3 қола медалға қол жеткізді. Ауданда І разрядты спортшы – 38, ҚР-ның спорт шебері – 4, 169 спортшы «Спорт шеберіне үміткер» нормативін орындады. Ерекше атап өтетін жайт, былтыр Жалағаш ауданы әкімінің кубогіне арналған шағын футболдан аудандық лига ойындары алғаш рет өткізіліп, оған 18 команда қатысты. Лига ойындарында үздік деп танылған 8 команда «Супер кубок» ойындарына жолдама алды. 3 орынды «ФК Адия» командасы, 2 орынды «Дәуімбай» командасы, бірінші орынды «Бірлік и К» командасы иеленіп, аудан әкімінің арнайы кубогіне қол жеткізді. Бұл жоба жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, оларды спортпен шұғылдануға және командалар арасындағы достық қатынасты нығайтуда үлесі зор деп білемін.
– Сөз соңында жастарға айтар ақылыңыз?
– Жастарды атқарылатын жұмыстарға және күнделікті қоғамдық өмірде белсенділік танытуға шақырамын. Бүгінгі заман жан-жақтылықты, бәсекеге қабілеттілікті, ашықтықты талап етеді. Сол себепті тасада қалып қоймаңыздар. Өз биігіңізді бағындыруға, асуларды алуға, арман-мақсаттарыңызға жетуге талпыныңыздар. Жастардың қолынан бәрі келеді. Себебі жалағаштық жастар жігерлі. Ең бастысы өзіңізге сеніңіз.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ