ОҚЫРМАНДАРҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН ОРТАЛЫҚ
Қармақшы мен Жалағаштың ортасында Таң деген ауылдық елді мекен бар. Соңғы жылдары ауылды абаттандыру, халықтың әлеуетін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар елді мекеннің еңсесін тіктеуге айтарлықтай сеп болып отыр. Қаншама жергілікті тұрғынды бір ғана шаруашылықпен жұмыспен қамтып отырған халық қалаулысы Имамзада Шағыртаевтың туған жердің түлеуіне төккен тері зая кеткен жоқ. Керісінше өңірдің әлеуетін арттыру бағытында қолға алған жобалары ауылдағы басқа да шаруашылықтарға үлгі болды. Бұл сөзімізді бүгін жергілікті шаруашылықтар қолдауымен Таңдағы ауылдық кітапхана жанынан ашылған “Coworking” орталығы қуаттай түсері анық.
Игі істің басы-қасында жүрген оқырмандар қуанышында шек жоқ. Орталықтың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет те ауылда жүзеге асып жатқан жоба жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратынын тілге тиек етіп, орталық жұмысына сәттілік тіледі.
– Бүгін игі шараның куәсі болып отырмыз. Жергілікті шаруашылықтардың қолдауымен кітапхана жанынан ашылған “Coworking” орталығы жастардың, жалпы оқырмандардың кітап оқуға деген ынтасын артыра түсетіні сөзсіз. Игі шараның жүзеге асуына атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін. Жастардың руханиятқа терең бойлауына қосып жатқан үлестеріңіз мол. Бұл шарадан үлгі алып, осында кітап оқып жүрген өскелең ұрпақ сіздердің ауылға деген жанашырлықтарыңызды алдағы уақытта жалғастырары анық. Орталық жұмысына сәттілік тілеймін. Ктіпахананың оқырмандары көбейіп, жастар руханият ордасынан тәлім ала берсін, – деді Ж.Ерданұлы.
Айта кетейік, Таңдағы ауылдық кітапханада 18 мың кітап қоры бар. Бұған дейін қалың оқырманға қызмет жасап келе жатқан руханият ордасының алдағы уақытта жұмысы ширамаса, бәсеңдемесі анық. Себебі кітапхана жанынан ашылған жаңа орталықта оқырмандарға барлық жағдай жасалған. Тіпті мұнда келушілерге дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлеріне машықтануға да мүмкіндік мол. Мұнан бөлек аталған орталық бірнеше ұлттық аспаптармен де жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда, мұнда сөз байлығыңды молайтып, білім нәрімен сусындауға да, ұлттық спорт түрлеріне машықтануға һәм түрлі аспаптарды еркін меңгеруге де барлық жағдай жасалған. Таңдағы жергілікті шаруашылықтар демеушілігімен ашылған орталықтан Жалағаштың басқа да ауылдары үлгі алу керек сияқты. Себебі өнер мен мәдениетті егіз ұғым деп білген дана қазақтың қай баласына да мұндай рухани орталықта бойдағы тағылымды жетілдіру артық етпейді.
Салада 20 жылдан астам тәжірибесі бар кітапхана меңгерушісі Рима Амантайқызы бұған дейін де Таңдағы ауылдық кітапхананың өзіндік оқырмандары қалыптасқанын айтады. Алайда бүгін өз жұмысын бастаған орталық мұндағы оқырмандар қатарын әлі де арттыруға үлкен үлес қосатынын айтады.
– Ауыл тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығы жаман емес. Олардың қатарынан барлық буынның өкілін кезіктіруге болады. Бұл біздің өңір мемлекеттің рухани ордалар жұмысын ширатуға жасап жатқан қолдауын тиімді пайдаланып отырғанын көрсетеді. Оқырмандардың кітап оқуға деген ынтасын одан әрі арттыру үшін бізге осындай орталықтың қажет екенін бұрыннан байқап жүргенмін. Алайда қазір барлығы қаржыға келіп тіреледі. Осы мәселені жергілікті шаруашылықтар төрағаларын жиып, ақылдасқан едім. Олар сөзімді жерге тастамай барынша қолдау білдіретінін жеткізді. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар. Енді менің еркін жұмыс жасауыма да, оқырмандардың мұнда келген игі мақсатын жүзеге асыруға да барлық жағдай жасалған. Орталықта тек кітап оқуға ғана емес, ұлттық аспаптарды еркін меңгеруге және ұлттық спорт түрлеріне де машықтануға мүмкіндік бар. Барша ауыл тұрғындарын, кітапхананың тұрақты оқырмандарын жаңа орталықтың ашылуымен құттықтаймын, – деді кітапхана меңгерушісі.

Шара барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұраддин Жұбанов орталық жұмысына сәттілік тілеп, оқырмандарға ақ батасын берді. Сондай-ақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Таңатар Доспанов игі шараның жүзеге асуына себепкер болған шаруашылық төрағаларын бөлім басшысының арнайы алғыс хатымен марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту етті. Мұнан кейін кітапхананың жас оқырмандары жастарға осындай жағдай жасап жатқан ел ағаларына алғысын білдіріп, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Айта кетейік, кітапхана жанынан ашылған “Coworking” орталығына Таң ауылындағы «Талап», «Нұр», «Есжанов», «Серікбаев» және «Садық» шаруа қожалықтары 1 млн теңгеден астам қаржылай демеушілік жасады.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ