» » АУДАН ӘКІМІ А.ШАМЕНОВТЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ А.ШАМЕНОВТЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ардақты ақ халатты абзал жандар, медицина саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және оларды барынша қолдау – Мемлекет басшысының тұрақты назарында. Қоғамымыздың басты байлығы – адам денсаулығы десек, сол байлықтың баянды болуына қалтқысыз қызмет етіп жүрген медицина саласының қызметкерлері. Сіздердің еңбектеріңіз – адам саулығы мен амандығы жолындағы ең абыройлы қызмет. Сіздерге зор құрметпен бірге, үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Қазіргі таңда Жалағаш ауданының халқына – аудандық орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 1 аудандық емхана, 12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Өткен жылдың желтоқсан айында облыс әкімі Гүлшара Наушақызының қолдауымен халыққа ең қажетті нысандардың бірі - 100 төсектік аурухана пайдалануға беріліп, онда қазіргі таңда күрделі оталар жасалуда. Үш қабатты аурухана терапия, хирургия, реанимация, босану-гинекология, қан алу сияқты бірнеше бөлімді қамтиды.
Сонымен қатар, өткен жылы Ақсу ауылында дәрігерлік амбулатория ашылып, пайдалануға берілсе, биылғы жылы Таң, Мырзабай ахун ауылдарынан жаңа емхана ғимараттарын салуға бюджеттен қаржы бөлінді.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 89 жоғары білімді дәрігер, 440 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
«Дені сау адам- қоғам байлығы» деген халқымызда дана сөз бар. Сол байлығымызды сақтауға, халқымыздың дені сау болып қалыптасуына, әлемде, елімізде орын алған ахуал кезінде өз денсаулықтарыңызды қатерге тігіп, індетпен күресіп, оның алдын алуға зор үлес қосып келесіздер.
Осындай ерен еңбектеріңіз үшін Сіздерге аудан жұртшылығы атынан шексіз ризашылығымды білдіремін.
Дәрігерге деген халық сенімі сіздерге әрдайым күш-қуат берсін.
Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін!

Құрметпен,
аудан әкімі А.Шаменов
18 маусым 2021 ж. 657 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930