» » "Жаңаарықтың" шаруасы ширақ

"Жаңаарықтың" шаруасы ширақ

Биыл Аламесек ауылдық округіндегі “Жаңаарық” шаруа қожалығы көктемгі науқанды мамыр айында бастаған болатын. Себебі төраға Ғалымжан Қайырманов заманауи техникамен алдымен Сыр салысы себілетін егіс алқаптарын тегістеп алуды жөн деп тапқан. Оның үстіне бұрынғыдай техникалық базасында көне көлік көзге түспеді. Шаруашылық төрағасының да “Жаздай баптаған астық жауын-шашынға қалып қояды-ау” деген көкейінде күдік жоқ. Себебі мұндағы еңбек адамдары тізгіндеген көліктердің барлығы озық технологиялар.

Осыдан 18 жыл бұрын құрылған шаруа­шылықтың тарихымен жақ­сы та­ныспыз. Рас, бастапқыда шар­уа­ның ширауына көне көліктер ырық бер­меді. Десе де ымырамен іс қыл­ған Қайырмановтар әулеті мұндай қиын­шылықтың барлығына адал ең­бекпен төтеп берді. Нәтижесін кеше атыз басына барғанда байқадық. Осы­­дан 20 жылдай уақыт бұрын 90 гектар жермен жұмысын бастаған шаруашылықтың бүгінде егіс алқа­бында да айтарлықтай өсім бар.

Биыл шаруашылық ұжымы 100 гек­тардан астам жерге “Лидер” сұрпын сепкен. Бүгінде бас ала бас­таған Сыр­­­дың басты дақылының да пісетін кү­ні таяп қалды. Ала жаздай атыз ба­­­­сында диқандар күріштің күтімін жа­­­­саса, шаруашылық базасында ме­ха­­­низаторлар техникасын сайлап жа­тыр.

15 адамды жұмыспен қамтып отыр­ған Ғалым­жан Қайырманов биыл да үлкен өнімнен үмітті екенін жасыр­мады. Себебі ол диқандар Сыр салы­сының ала жаздай бабын жасаса, Жер-Ана жерге қаратпайтынына се­неді. Төрағаның артқан сеніміне де бұған дейін сызат түспеген. Се­бе­бі Ғалымжан Жарылқасынұлы әріп­тес­­теріне жыл сайын жалақысынан бөлек қосымша сыйақы тағайындауды дәстүрге айналдырыпты.
– Былтыр күзгі науқанды межелі өніммен қо­ры­тындыладық. Биыл да үлкен өнімнен үміт­ті­міз. Шаруашылық жұмысшыларының дән­ді сеп­­кеннен оның жинап алғанға дейінгі еңбегін жо­­­ға­ры бағалаймын. Сондықтан оларға жыл са­йын жалақысынан бөлек қо­сым­ша сыйақы та­ға­йындаймын. Мәсе­лен, былтыр салада өзі­нің қарымды жұмысымен көзге түскен қос ме­­­ха­­низаторға 2 жеңіл автокөлік сыйға тарттық. Мұ­нан бөлек биыл 5 жаңа мотоцикл алып бердік. Еңбеккерлерге жағдай жасалмаса, шаруа­шы­лық­тың да жұмысы шатқаяқтары анық. Сондықтан олардың әлеуметтік жағ­дайына да көңіл бөліп тұрамыз, – дейді Ғ.Жарылқасынұлы.

Қазіргі таңда алқаптағы 100 гек­тардан астам күріштің 5 диқан күтімін жасайды. Ал күз мезгілінің алғашқы айында өнімді межелі уақытта қам­баға кіргізу үшін 5 механизатор күн­діз-түні еңбек етеді. Қазірдің өзінде алқап басында бос жүрген жан көр­мейсіз. Қолы қалт етсе, диқан иығына кетпенін асынып атыз жағалайды. Өйт­песе бола ма, кү­ріш тегіс су ішпесе, мұның өнім сапасына да ай­тар­лықтай кері әсері болады екен. Сондықтан мей­лінше оның еш кедер­гісіз өсуі үшін дала дара­боз­дары бар жағдайды жасап отыр. Бұйыртса, су тартатын уақыт та болып қалды. Күз кірісімен мұн­да механизаторлар да өз жұмысына кіріседі.
“Жаңаарық” шаруа қожалығы был­тыр себілген Сыр салысының әр гектарынан орташа есеппен 67 центнерден өнім жиған. Биыл су тап­шы­лығының құрсауына қара­мас­тан мұндағы еңбек адамдары нә­ти­желі жұмыс жасады. Соның ар­қа­сында қа­зіргі таңда алқаптағы кү­ріш тегіс бас алып тұр. Бұл мәселе қолбайлау болғанын төраға да жа­сыр­мады. Десе де, амалын тауып, сусорғыш аппараттар арқылы бұл мә­селені де ауыздықтаған көрінеді.

“Жаңаарық” шаруа қожалығының ұжымы 100 гектардан астам күріштен бөлек 30 гек­тар ескі жоңышқаның да күтіміне жауапты. Мұн­да ротацияның, яғни ауыл шаруашылығы мақ­са­тын­дағы жерді пайдаланудың талаптары сақ­­тал­ғанын бірден байқауға бо­ла­ды. Біз барғанда ша­руа­шылық ұжы­мы жоңышқаның үшінші орымын бас­тап жатыр екен. Бұйыртса, қыр­­күйектің аяғында Ғалымжан Қайыр­манов жоңышқаға төртінші мәр­те орақ салуға бел буып отыр. Бас­тысы жұмыста береке, ұжымда ауыз­бір­ші­лік бар. Бұл екеуі то­ғыс­қан тұста шаруашылықтың ұзақ жылдар бойы шаруасы шатқаяқтамасы анық.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

07 тамыз 2021 ж. 528 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930