Қарттарын қадірлеген ел ардақты...

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүріміз. Қарттарымыз еліміздің, әр аймақтың дамуына, оның дамып-өркендеуіне өз үлестерін қосып, қалтқысыз еңбек етті. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын дайындады. Еліміздің бейбіт те тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп білеміз. Бүгінде сол еңбектерінің зейнетін көріп, ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетуде. Олардың өмір және еңбек жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына болары сөзсіз.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудандық «Аққыр ауылдық округі» БПҰ мүшелері ауыл ардагерлеріне қол көмек жолдарын ұйымдастырды. Партия мүшелері ардагерімізбен пікірлесіп, еңбек жолдары мен ақыл кеңестерін тыңдады.
Әрине, көпті көрген қарияларымыздан алған ақыл-кеңес өмірлік азық болмақ. Осы асыл қазыналарымыз арқылы бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан өнеге алып, бой түзейтін боламыз – деді партия мүшесі Өтешова Инабат.
Партия мүшелерінің игілікті ісіне ризашылық танысқан ардагерлеріміз ақ батасын беріп, әрбір істеріне сәттілік тіледі.