» » Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры


Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қаржы-экономика органдарына 100 жыл және Ұлттық валюта күніне орай «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Мәдени мұра» және «Қазақстан – 2030» БПҰ-ның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты қаржы саласының қызметкерлері арасында байқау өтті. Байқаудың негізгі мақсаты тәуелсіз мемлекеттің 30 жылда жеткен жетістіктерін насихаттау, егемендіктің қадірін түсінуге баулу, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін және бай сөз қоры бар көркем әдебиеттің, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және еліміздің рухани бірлігін нығайту, тіл мәдениетін көтеру болып табылады.

Байқау ережеге сай 2 кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде талапкерлер ақын-жазушылардың, өзде­рінің жеке шығармашылығынан Тәуел­сіздікке ар­налған туындыларын жатқа мәнерлеп айтты. Ал келесі кезеңде қатысушылар өзі жайлы порт­фолио дайындады.

Сайыс барысында қатысушыларды бағалау кезінде көркем мәтінді таңдау талғамына және оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, қазақ тілінде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне, сахналық мәдениетіне, киім үлгісіне назар аударылды. Байқауға аудандық мас­лихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қ.Мұстафаева, Халық­аралық «Қазақ тілі» қоғамы Жалағаш аудандық филиалының төрайымы Д.Мирман, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Дүйсенбиева, Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің мұғалімі А.Орынбаева, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Қ.Адис қазылық етті.

Шараға аудан бойынша 20-ға жуық та­лап­­кер қатысуға өтініш білдірген. Байқау қоры­тындысымен ІІІ орынды Темірбек Жүргенов ауылдық мәдениет үйінің есепшісі Ләззат Нағашыбекқызы мен Мәдениет және өнерді дамыту орталығының статисті Берікбол Сәбитұлы өзара бөлісті. Ал екінші орынға Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының есепшісі Нұржан Әсетұлы мен Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдар­ламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің статисті Әсел Шоманқызы лайық деп танылды. І орынды Қаракеткен ауыл­дық округінің пошта меңге­рушісі Бақыт Ақбергенқызы иеленсе, Бағы мен бабы қатар шапқан Аққұм ауылдық клубының есепшісі Назым Бақытжанқызы бас жүлдеге лайық деп танылды. Жүлделі орын алған жеңімпаздар партияның аудандық филиалының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен мара­патталды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен байқауға «Ер-Әлі» ШҚ төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Әліби Бекжанов демеушілік етті.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ
16 қараша 2021 ж. 185 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 992

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031