Есірткіге тәуелділік жас өміріңді улайды, балаң арманыңды күйретеді, келешегіңе балта шабады.
Әлемде есірткіге тәуелді адамдардың саны жыл өткен сайын артып барады. Өкінішке қарай, біздің елімізде де бұл өзекті мәселеге айналып отыр. Бүкіләлемдік статистикаға көз жүгіртсек, жаһан елдерінің 96 пайызы есірткі қолданады екен. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттер наркотик тасымалдауға тиым салды. Алайда, нәтижесі көңіл көншітпейді.
Ежелден наркотикалық заттар медицина саласында қолданылып келе жатыр. Құрамында есірткі бар табиғи өсімдіктерді қазақ халық медицинасында ауруды емдеу мақсатында пайдаланғанын үлкен кісілерден естіп, біліп жүрміз. Дәрігерлер емдік жағдайда қолданған. Оны көбіне жүйке жүйесі ауруларына, яғни жүйкені тыныштандыруға пайдаланған. Ал, бертін келе ауруы өршігендер шамадан тыс мөлшерде ем ретінде қабылдап, соңында есірткіге тәуелділік пайда болады.
Ең алғаш есірткі тасымалы АҚШ, Канада, Чехия мемлекеттерінде пайда болған. Сонымен бірге 2008 жылы Нидерланд мемлекеттінде шығарылған. Есірткі тасымалдағаны және оны қолданғаны үшін халықаралық есірткіге қарсы күрес қатаң шараларды қолдануды талап етті. Ұлыбритания, Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа елдерде осы қылмыс үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткі сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ жәнеТайланд секілді елдердің заңнамаларында көрсетілген. Қазіргі заманда есірткіден бөлек, электронды темекілер 13-18 жас аралығындағы жас өспірімдер арасында кең таралған. Сол себепті бүкіл әлем және Қазақстан бойынша сатуға тыйым салу керек! Жалпы адамзат медицина саласында да есірткіні қолданар алдында ойлануы керек сияқты.
Есірткінің құрбанына айналмау үшін салауатты өмір салтын ұстануға тиіспіз. Салауатты өмір сүру дегеніміз — гигиеналық тазалықты сақтап, дене тәрбиесіне мән беріп, тұрақты түрде спортпен шұғылдану. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі, уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті адам тәрбиесіне де жаңаша көзқараспен қарайтын болдық. Қазіргі таңда қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, нашақұмарлық дендеп бара жатқандай. Жастар мен жасөспірімдер өздерінің өтпелі кезеңдегі қызығушылықпен істеген әрекеттерінің соңы немен тынарын да түсінбей бармақ тістеп, опық жеуі мүмкін. Қазақ халқы «тәрбие басы — тал бесік» деп бекер айтпаса керек. Демек, ұлттық тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Аға буын ұрпақ өкілдері бізге сенім артады, болашағымыздан үміт күтеді. Ендеше, біз ата-анамыздың, ұстаздарымыздың сол үмітін, сенімін ақтауға тиіспіз. Ол үшін біз есірткіден аулақ болып, ол тажалдан бір-бірімізді сақтандырып жүруге тиіспіз.
Мен замандастарыма «Нашақорлықтан бойларынды алшақ ұстаңдар! Біз сапалы тәрбие, саналы білім алып, есірткісіз болашақты бірге қалыптастырамыз», — деп үндеу жасаймын.
Ұлжан ӘБЕНОВА, №114 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Қартбай Нұрай,
№114 мектеп оқушысы.