Кеңес әскерінің ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл
Ең алдымен жиылған қауым Жалағаш кентіндегі Тағзым аллеясына гүл шоқтарын қойып, Ауған соғысында қаза тапқан азаматтарға құран бағыштап, өздеріне беймәлім жат ел үшін қан төгіп, қыршын болған ауғандық жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Жиында аудан әкімі Асылбек Өмірбекұлы сөз алып:
- Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды, - дей келе, ерлік өлмейтінін, Отан алдындағы борыш-міндетін адал атқарып, жанқиярлық ерлік көрсетіп, патриоттық парызын өтеп қайтқан Кеңес жауынгерлерінің алдында кімде-кім болмасын басын иіп, тағзым ететінін айтты.
Салтанатты жиында, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев және «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Алдамбергенов сөз алып, Ауған соғысының тарихына, мән-мағынасына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде “Ауған асуында от кешкендер“ атты салтанатты шара өтті.
Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 33 жыл толуына орай әскери интернационалдық борышын өтеген жауынгер жерлестеріміздің құрметіне арналған кештің сөзін Ауған соғысының ардагері Серікбаев Ғалым және Бұханов Жұмабек алып, Ауған соғысы ардагерлерін, бүгінгі бейбіт өмірдің үздік еңбеккерлерін еске алды.
Кеш барысында Ауған соғысының тарихынан сыр шертетін көріністер қойылып, Ауған соғысының ардагерлері, аудандық Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары өнерлерін ортаға салып, көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.