Чернобыль апаты құрбандарын еске алу шарасы өтті

Шара барысында Чернобыль апатынан зардап шеккен аймақтарды залалсыздандыру жұмысына қатысып, ауыр қасірет зардабын тартқан азаматтардың рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.
Сонымен қатар, орталық кітапхананың «Coworking» орталығында Чернобыль ардагерлерімен кездесу өтті.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Ерданұлы, Чернобыль ардагері Серікбай Ибраев және ҚР Жазушылар одағының мүшесі Қуат Адис ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі.

Қазақстанның экономикалық мүмкіндігінің артуына қарай мемелекет тарапынан бұл кісілердің көрсеткен ерліктері үшін марапат, алғыстардың арта беретіні сөзсіз - деді аудан әкімінің орынбасары.
Және де кездесу барысында ардагерлерге арнайы сый-сияпат көрсетілді.
