» » «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жазғы мезгілге дайындығы туралы

«Ақтерек» сауықтыру лагерінің жазғы мезгілге дайындығы туралы

Биыл - балалар жылы. Президент балаларға ерекше назар аудару керектігін  айтты - ҚазБілім

Қазақстан Республикасының Перезиденті Қасым - Жомарт Кемелұлы «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық - бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз» деп атап өткен еді. Сонымен қатар мемлекет басшысының 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауы да алдағы атқарылар жұмыстардың ауқымды екенін айқындап берді. 

Осы орайда, балалардың жазғы уақыттағы демалысын тиімді ұйымдастыру - білім саласының  негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.Осыған орай жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын ұйымдастыру мақсатында «Ақтерек» сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. 

«Ақтерек» сауықтыру лагеріжазғы демалыспен бірінші кезекте жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балалары қамтамасыз етілетін болады.

Жалпы аудан бойынша 1-10 сыныпта 6683 бала мектепте білім алады. Оның ішінде, жоғарыда аталған санаттағы балалардың саны 1962 құрайды ( 29,3%).

«Ақтерек» сауықтыру  лагері  Жалағаш кентінің сыртында орналасқан, пайдалануға  1999 жылы берілген, бейімделген ғимарат. Жобалық қуаты бір ауысымда  80 баланы қамтуға мүмкіндігі бар. Лагерь аумағында  жалпы 5 ғимарат орналасқан. Оның 4-ы жатын орынға арналған ғимараттар және 80 орынға арналған асхана.  Сонымен бірге, ашық спорт алаңы, сыртқы бассейін,  көлеңкелі шатырлар, мәдени іс-шаралар өтетін орын  бар.

Жаңа маусымға 6 ауысымда 452 баланы демалдыру жоспарлануда.  Оның ішінде,  402 бала міндетті оқу қоры есебінен, 50 бала кәсіподақ есебінен демалады. Жолдама құңы-20 мың теңге. Ауысым ұзақтығы 10 күн. 1-маусымнан  бастап лагерь жұмысын бастайды.

Биылғы жылы лагерьге жәй жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатта бюджеттен 1 млн.500 мың теңге қаржы бөлінген. Сонымен бірге, лагерь аумағына көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. 

«Ақтерек» сауықтыру лагерінде балалардың денсаулығын, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында аудандық аурухананың 20 мамыр 2022 жылы №221-Ө бұйрығы шығарылып, дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлері бекітілді. Сонымен бірге, стомотолог дәрігерлер профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Лагерьге жұмыс жасайын кадрлар мектеп қызметкерлерінен алынады.

       Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы тарапынан сауықтыру лагерінің жазғы мезгілде балаларды қабылдау барысында дайын жұмыстарын жандандыру мақсатында аудандық білім бөлімімен бірлескен бұйрықтары шығарылып, семинар кеңес сауықтыру лагерінің базасында өткізілді.

Жалағаш аудандық СЭББ басшысы:О.М.Аханов
24 мамыр 2022 ж. 117 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930